29
май
2025
"Құзыретті тұлға – сапалы тілдік ортада қалыптасады" атты қалалық семинар
Құзыретті тұлға — сапалы тілдік ортада қалыптасады!
Абдулла Розибақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Құзыретті тұлға – сапалы тілдік ортада қалыптасады" атты қалалық семинар жоғары деңгейде өтті.
Семинар аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жаңашыл ұстазы Мурадуллаева Айгүл Насирдиновна 5–6 сыныптарға арналған "Көркем шығармалар арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту" атты элективті бағдарламасымен таныстырды.
Ұстаз курс мақсаты мен міндеттерін нақты мысалдармен ұштастыра отырып, көркем мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдістерін ұсынды. Бағдарлама оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып қана қоймай, олардың ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Осы мазмұнды баяндамадан ерекше әсер алған 25-мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәжірибелі тренер Даркенова Жанар Багдатовна өз кәсіби пікірін білдірді. Ол элективті курстың өзектілігі мен құрылымдық тұтастығын жоғары бағалап, ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен мысалдарының ұтымдылығына ерекше тоқталды.Осындай мазмұнды бағдарламалар ұстаздар қауымының кәсіби дамуына серпін беріп, оқушының тілдік құзыреттілігін арттыруда нақты құрал бола алады", – деді Жанар Багдатовна.
Көркем әдебиет – оқушыны тек тілге емес, өмірге, құндылыққа, ойлауға тәрбиелейтін рухани күш. Ал оны дұрыс қолдана білген ұстаз – сол күштің дәнекері.
Семинар – білім мен тәжірибе алмасудың алаңы, ізденіс пен кәсіби дамудың кепілі. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба берсін!
Салаһийәтлик шәхс — сүпәтлик тиллиқ муһитта шәкиллиниду!
Абдулла Розибақиев намидики №153 мәктәп-гимназиясида қазақ тили вә әдәбияти пәни муәллимлиригә беғишланған «Салаһийәтлик шәхс — сүпәтлик тиллиқ муһитта шәкиллиниду!» намлиқ шәһәрлик семинар жуқури дәриҗидә өтти.
Семинар даирисидә қазақ тили вә әдәбияти пәниниң заманивий устази Мурадуллаева Айгүл Насирдиновна 5–6-синип оқуғучилири үчүн тәйярланған « Бәдиий әсәрләр арқилиқ оқуғучиларниң тил маһаритини риваҗландуруш» намлиқ элективлиқ программисини билән тонуштурди.
Устаз курсниң мәхсити билән вәзипилирини ениқ мисаллар арқилиқ чүшәндүрди вә бәдиий мәтин билән ишләшниң нәтиҗидар усуллирини тәвсийә қилди. Бу программа оқуғучиларниң тил салаһийитини ашуруш билән биргә, уларниң ойлаш қабилийити вә ижадий иқтидарини тәрәққий қилдурушқа қаратилған. Ушбу мәзмунлуқ докладтин алаһидә тәсир алған 25 мәктәпниң қазақ тили вә әдәбияти пәни муәллими, тәҗрибилик тренер Даркенова Жанар Багдатовна өз пикри билән бөлүшти. У электив курсниң әһмийити вә түзүмлүк мукәммәлликни жуқури баһалап, тәвсийә қилинған усуллар билән мисалларниң үнүмдарлиғинини алаһидә тәкитлиди.
— «Мундақ мәзмунлуқ программилар устазларниң кәспий тәрәққиятиға түрткә берип, оқуғучиларниң тил салаһийитини ашурушта конкрет васитә болалайду», — деди Жанар Багдатовна.
Бәдиий әдәбият — оқуғучиларни пәқәт тилғила әмәс, бәлки һаятқа, қәдирийәтларға тәрбийиләйдиған роһий күчтур. Шу роһий күчни тоғра пайдилиналайдиған муәллим — шу күчниң васитичисидур.
Семинар — билим вә тәҗрибә алмаштуруш мәйдани, издиниш вә кәспий тәрәққиятниң капалити. Мошундақ келәчәктиму өз давамини тапиду дәп ишинимиз.