Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » «Ұйғыр тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану арқылы оқытудың инновациялық әдістері»
31
январь
2025

«Ұйғыр тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану арқылы оқытудың инновациялық әдістері»

Ұйғыр тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану: инновациялық тәсілдер талқыланған мазмұнды семинар
Қаңтардың 28-жұлдызында дәстүрге айналған пәндік семинарлар топтамасы аясында, ШББЙТИММ-нің әдіскері Аблесенова Алширәм Абдуварисқызының жетекшілігімен, ұйғыр тілінде білім беретін мектептердің ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Ұйғыр тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану арқылы оқытудың инновациялық әдістері» атты маңызды ғылыми-әдістемелік кездесу өтті.
Іс-шара №153 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылып, мектеп директоры Өмәров Шәукәт Ниязұлы қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алды. Дөңгелек үстел басында жиналған ұстаздар қауымы ана тіліндегі білім берудің маңыздылығы, ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінің болашағы жөнінде ой бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Семинардың тәжірибелік бөлімі ұстаздардың кәсіби шеберлігін көрсетуге арналған ашық сабақтармен жалғасты. Ұйғыр тілі пәні бойынша «Су – һаятлиқ мәнбәси», ал ұйғыр әдебиеті бойынша Т.Тоқтамовтың «Нәдикин бечарә җанивар» әңгімесі негізінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңашыл сабақтар өткізілді. Бұл сабақтарды білікті ұстаздар Сайдуллаева Г.С. мен Ахметжанова Г.Р. жоғары деңгейде жүргізіп, оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдердің артықшылықтарын көрсетті.
Бұдан кейін семинар «Жасанды интеллектті сабақтарда тиімді пайдалану жолдары» тақырыбындағы шеберлік сабағымен жалғасты. Бұл бөлімді тәжірибелі педагог Дуганова Г.Н. ұйымдастырып, заманауи технологиялардың оқыту үдерісіне ықпалын жан-жақты талдап берді.
Семинар барысында қатысушылар үшін №153 мектеп-гимназиясының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында «Мектеп тынысы» атты экскурсия өткізілді. Қонақтар А.Розибақиев атындағы мұражайды, қолөнер мұражайын, Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, белгілі суретші Руслан Юсуповтың бейнелеу өнері галереясын және дарынды қылқалам шебері Әхмәтжан Әһәттің көрмесін тамашалап, рухани байып қайтты.
Семинардың әдеби-рухани бөлігі де мазмұнды әрі әсерлі өтті. Ұстаздар Сидикова И.А., Илиева Р.Т., Илямова Г.К. ұйымдастырған «Әдебиет – өмір айнасы» атты әдеби кеште танымал шығармалардың кейіпкерлері сахнада көрініс тауып, өнерлі оқушылар өз таланттарын паш етті.
Мектептің педагог-психологы Аскарова Р.Н. жүргізген «Эмоционалды интеллект және қарым-қатынас мәдениеті» атты психологиялық тренинг семинар қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырып, олар үшін пайдалы тәжірибе алаңына айналды.
Семинар қорытындысы бойынша рефлексия өткізіліп, ұстаздар алған әсерлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар №153 мектеп-гимназиясының басшылығына және ұстаздарына жоғары деңгейде ұйымдастырылған мазмұнды іс-шара үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.


Үстимиздики жилниң 28-қәһритан күни әнъәнигә айланған пәнлик семинарлар түркүмидин, ШББЙТИММ ниң методисти Аблесенова Алширәм Абдуварис қизи рәһбәрлигидә уйғур тилида оқутилидиған мәктәпләрниң уйғур тили вә әдәбияти пәни бойичә «Уйғур тили вә әдәбияти дәрислиридә сүнъий  интеллектни пайдилиниш арқилиқ оқутуштики инновациялик усуллар» мавзусида семинар болуп өтти.
    Мәктәп мудири Өмәров Шавкәт Нияз оғли кәлгән меһманларни дүгләк үстәл әтрапида қарши елип, ана тиллиқ мәктәпләрдә уйғур тили дәрисиниң роли, маһийити һәққидә пикир алмаштуруштин семинарниң биринчи басқучини башлиди.
     Семинарниң әмәлий бөлүмидә уйғур тили пәнидин «Су-һаятлиқ мәнбәси», уйғур әдәбиятидин Т.Тохтәмовниң «Нәдикин бечарә җанивар» һекайиси бойичә сүнъий интеллектни қоллиниш арқилиқ, устазлар Сайдуллаева Г.С вә Ахметжанова Г.Р тәрипидин очуқ дәрисләр өтүлди.
      Семинар давамида «СИни дәрисләрдә нәтиҗилик пайдилиниш йоллири» мавзусида устаз Дуганова Г.Н. тәрипидин чевәрлик синипи уюштурулди.
     Мәктәпни зиярәт қилиш үчүн «Мәктәп тиниғи» намлиқ экскурсия өткүзүлүп, меһманлар А.Розибақиев намидики мирасгаһни, қолһүнәр мирасгаһини, Кеңәш Иттипақи вә Қазақстан Жумһурийити сүрәтчиләр иттипақиниң әзаси, атақлиқ рәссам Руслан Йүсүпов намидики  тәсвирий сәнъәт галереясигә вә талантлиқ рәссам Әхмәтҗан Әһәтниң көргәзмисигә қәдәм тәшрип қилди. Шуниңдин кейин барлиқ семинар иштиракчилири устазлар Сидикова И.А., Илиева Р.Т., Илямова Г.К тәрипидин уюштурулған «Әдәбият – һаят әйниги» мавзусидики әдәбий кәчкә тәклип қилинип, атақлиқ намайәндилиримиз образлирини сәһнидә гәвдиләндүргән талантлиқ оқуғучилиримиздин мәмнун болди.
   Мәктәпниң педагог-психологи Аскарова Р.Н. рәһбәрлигидә өткүзүлгән «Эмоционаллиқ интеллект вә мунасивәт мәдәнийити» намлиқ психологиялик тренинги меһманларниң көңлидин чиқти.
     Мәзмунлуқ семинарниң нәтиҗиләш қисмида рефлексия өткүзүлүп, иштирак қилған устазлар тәсиратлири билән бөлүшүп, тәҗрибә алмаштуруш мәйданиға айланған №153- мәктәп-гимназия мәмурийитигә вә устазлириға чәксиз миннәтдарлиғини билдүрди.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: