08
апрель
2025
“Ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері”
2025 жылғы 26 ақпан күні Алматы қаласы А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында “Ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері” тақырыбында Zoom платформасы арқылы ғылыми-әдістемелік вебинар ұйымдастырылды. Шараға Қалалық білім берудегі жаңашыл тәсілдер мен ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметкерлері мен орта білім беру ұйымдарының ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Вебинардың күн тәртібі келесі бағыттар бойынша өрбіді:
1. «Балиларни китап оқушқа қандақ қизиқтуримиз?» тақырыбында Сидикова И.А. «Уйғур әдәбиятидики аяллар прозиси» бағдарламасы негізінде балаларды әдеби шығармалар оқуға баулудың тиімді жолдары мен тәсілдерін ұсынды. 2. «Нутуқ өстүрүш усуллириниң үнүмлүк йоллири» баяндамасында Илиева Р.Т. сөйлеу дағдыларын жетілдіру бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, «Нутуқ өстүрүш усуллири» бағдарламасы аясында ұсыныстарын ортаға салды. 3. «Мениң аиләм» тақырыбында Илямова Г.К. «Уйғур тилиниң қизиқ алимидә» бағдарламасы бойынша оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырды. 4. «Мәдәнийәтлик сөзләш қаидилири» атты баяндамасында Садирова Г.Т. «Риторика» бағдарламасына сүйене отырып, тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстарын ұсынды.
Сонымен қатар педагог-шеберлер өз тәжірибелерін ортаға салып, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастырды. Вебинар соңында сұрақ-жауап алмасу кезеңі өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Қорытынды шешімдер:
1. Ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тұрақты түрде вебинарлар мен семинарлар өткізу ұсынылды. 2. Вебинар барысында ұсынылған әдістемелерді мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізу және олардың тиімділігін бақылау қажеттігі айтылды.
Бұл вебинар – ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы өзекті мәселелерді талқылап, педагогикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.