Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
27
январь
2025

"Тіл-тәуелсіздік белгісі"

21 қаңтар күні А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында 3-4-5-6 сыныптар арасында "Тіл-тәуелсіздік белгісі" атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Мәнерлеп оқу сайысы– қазақ тілінің мәртебесін көтеру және оның тәуелсіздік символы ретіндегі маңызын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара. Бұл сайысқа қатысушылар қазақ тіліндегі шығармаларды көркем әрі әсерлі түрде оқып, тілдің байлығын, әдемілігін көрсетуге тырысты. Мәнерлеп оқу сайысы оқушыларды тілге құрметпен қарауға, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді. Сайыс барысында қатысушылардың сөйлеу мәдениеті, дауыс ырғағы мен дұрыс мәнерде сөйлеу қабілеттері бағаланды. 
Бұл іс-шара, сондай-ақ, қатысушыларды шығармашылыққа, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Сайыс соңында барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
21 января в школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева состоялся конкурс выразительного чтения «Язык – символ независимости» среди учащихся 3-6 классов. Мероприятие прошло в рамках декады казахского языка и литературы. Участники выразительно читали произведения на казахском языке, демонстрируя его богатство и красоту. Конкурс способствовал развитию культуры речи, творческих способностей и уважения к родному языку. Все участники были награждены грамотами.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: