12
декабрь
2024
Интеллектуалдық ойындар арқылы IB оқушы профилін және ATL дағдыларын дамыту
IB (International Baccalaureate) бағдарламасы – әлемдегі білім беру жүйесінің ең жоғары стандарттарының бірі. Бұл бағдарлама оқушыларды тек академиялық тұрғыдан ғана дамытып қоймай, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, әлеуметтік және эмоциялық даму қабілеттерін арттыруға да зор ықпал етеді. IB бағдарламасы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, зерттеу жүргізуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, және қоғамда белсенді рөл атқаруға ынталандырады. Осы бағдарламада IB Learner Profile деген профильдер бар, олар оқушыларда болуы тиіс негізгі қасиеттер мен дағдыларды сипаттайды. Әрбір профиль оқушыларды жаңа білім алу процесінде өзін-өзі жетілдіруге, әлемге жауапты әрі саналы түрде қатынас құруға бағыттайды.
Осыған орай, №153 мектеп гимназиясында мұғалімдер арасында «Білім беру процесінде интеллектуалдық дамыту ойындарын дидактикалық құрал ретінде пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Бұл семинардың мақсаты – мұғалімдерге интеллектуалдық ойындарды білім беру процесінде қолданудың маңызды екенін түсіндіру және оның оқушылардың жеке дағдыларын дамытудағы рөлін көрсету болды.
Семинар барысында «Intellectum» қосымша білім беру орталығы ұсынған интеллектуалдық ойындар мұғалімдердің назарында болды. Мұғалімдер осы ойындарды білім беру процесінде қалай тиімді пайдалану керектігін, оларды әртүрлі пәндер мен сабақтарда қолдану арқылы оқушылардың логикалық ойлау, сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қалай ықпал ететінін практика жүзінде көрді.
Ойындар арқылы оқушылардың бойында іздемпаздық, ұшқырлық, мұқияттылық, зеректік және өз ойын шеберлікпен жеткізу дағдылары дамиды. Сонымен қатар, бұл ойындар оқушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, шығармашылықты арттырады, ұжыммен жұмыс жасау қабілетін күшейтеді. Командалық жұмыс арқылы оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, әртүрлі көзқарастарды тыңдай отырып, тиімді шешімдер қабылдауға дағдыланады.Кшбасшылық дағдысы дамыйды.
Семинардың қорытындысы ретінде мұғалімдер оқушылардың танымдық үдерістерін дамытуға ықпал ететін ойындардың тиімділігін атап өтті. Мысалы, логикалық ойлау, абстрактілі ойлау, стратегиялық жоспарлау, салыстыру, жүйелеу, ой қорыту, кеңістікті бағдарлау және анализ жасау дағдыларының дамуы осы интеллектуалдық ойындар арқылы айқын көрінеді. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттері, білімді жүйелі түрде өңдеуі мен қорытынды жасау дағдылары артатыны туралы рефлексия барысында атап өтілді.
Семинарда мұғалімдер осы ойындарды қолдана отырып, оқушылардың білімді тек теориялық емес, практикалық тұрғыда да қолдануына жол ашатындығына көз жеткізді. Ойындар оқушыларға тек білім алу емес, сондай-ақ өз бетінше зерттеу жүргізу, мәселелерді шешу, шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл өз кезегінде олардың болашақта кәсіби өмірде де пайдалы болатын дағдыларды дамытуға септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, интеллектуалдық ойындар – оқушылардың барлық қабілеттерін дамытуға бағытталған қуатты құрал. Олар оқу процесіне қызығушылықты арттырып, танымдық белсенділікті көтереді. Мұғалімдер осы әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында кеңінен қолдана отырып, оқушылардың білім алу процесін сапалы түрде жетілдіре алады. IB бағдарламасы аясында оқушылардың жеке тұлғалық дамуына, сыни және шығармашылық ойлау дағдыларына, сондай-ақ ұжыммен жұмыс істей білу қабілетіне зор мән беріледі, ал интеллектуалдық ойындар осы дағдыларды дамытуда маңызды рөл атқарады.
https://www.facebook.com/100029418795964/videos/955097210009947/