"Ауған соғысына 35 жыл" » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
27
февраль
2024

"Ауған соғысына 35 жыл"

Жылма-жыл ақпан айының 15-і күні еліміз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеді. Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың міндеті Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Қаншама отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы міне солай аяқталған болатын. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды. Осы күндерді еске алу және патриоттық тәрбие беру мақсатында  А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында кездесу  кеші ұйымдастырылды. Кездесуге  Ауғанстанда әскери қызмет жылдарын өтеген, уайым мен тәуекелге толы жылдарды артта қалдырған  жауынгер, Әршәм Шәмшидинов және 1980 жылдың 20 қыркүйегінде Ауғанстанда  соғыста қаза тапқан Айсавдун Зайналович Науметовтың қарындасы шақырылды. Шарада   Ауған соғысы жайлы мәліметтер айтылды, яғни «Достық» шағын ауданынан аттанған Ушурбакиев Шакир, Мердинов Аппас, Александр Кислов, Сергей Кислов, Рузиев Анвар,  Дурсунов Мардали, Айсавдун Науметовтар және  тағы басқаларды еске алды. Келген қонақтардан ауған соғысының ардагері Әршәм Шәмшидинов   соғыстағы естеліктермен, соғысқа аттану кезеңдері мен  бастарынан кешкен оқиғалармен  бөлісті. Қатысушы қонақтар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар кеш барысында интернационалист - жауынгерлерге арналып өлеңдер оқылып, соғыс, бейбітшілік туралы әндер шырқалды. Шара соңында сөз алған мектеп директоры Шавкет Ниязұлы Умаров қонақтарға  алғысын білдіріп, сый-сияпат табыстады.  Иә, өлгендер қайтып келмейді, бірақ  соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету – біздің қасиетті парызымыз.

       15 февраля наша страна вспоминает воинов, погибших в Афганской войне, и преклоняется перед их душой. Афганская война, разрушившая судьбы многих, длилась десять лет. Сколько молодых людей погибло и сколько вернулись калеками. Их задачей было выполнить свой долг перед Родиной, сдержать присягу. Так закончилась афганская война, принесшая страдания стольким семьям. Афганистан стал вечной раной для тех, кто благополучно вернулся из огня и пуль. С целью ознаменования этих дней и воспитания чувства гордости у детей за героизм нашего народа в школе-гимназии № 153 имени А. Розыбакиева было организовано мероприятие. На встречу были приглашены Әршәм Шамшидинов, солдат, отслуживший годы военной службы в Афганистане и оставивший за собой годы, полные забот и рисков, и сестра Айсавдуна Зайналовича Науметова, погибшего на войне в Афганистане 20 сентября 1980 года. На мероприятии была представлена информация об афганской войне, вспомнили о тех, кто пошел на войну из микрорайона «Достык», Ушурбакиева Шакира, Мердинова Аппас, Александра Кислова, Сергея Кислова, Рузиева Анвар, Дурсунова Мардали, Айсавдуна Науметова и других. Среди гостей своими воспоминаниями о войне, о тех тяжелых временах поделился Әршәм Шамшидинов, ветеран афганской войны. Гости-участники минутой молчания почтили память павших воинов. Мероприятие сопровождалось слайдовыми презентациями, посвященными тем давним событиям, были прочитаны стихи, посвященные борцам-интернационалистам, исполнены песни о войне и мире. В завершение мероприятия директор школы Шавкет Ниязович Умаров поблагодарил гостей и вручил подарки.
       Да, мертвые не возвращаются, и наш священный долг – отдать дань уважения гражданам, чьи сердца были неизгладимо ранены войной.

       Һәр жили   15- февраль күни елимиз авған урушида қаза тапқан жәңчиләрни  әскә елип, уларниң  роһлириниң алдида баш егиду. Талайниң  тәғдирини  вәйран қилған Авған соқуши он жилға созулди. Қанчиму яшларниң  өмири қийилип, қанчиси нака болуп қайтти. Уларниң вәзиписи Вәтән алдидики һәрбий борчини өтәш, қобул қилған  вәдисигә садиқ болуш еди. Қанчиму аилигә қайғу- һәсрәт елип кәлгән айдаладики Авғанстан  уруши  мана шундақ аяқлашқанди. Оқ билән отниң оттуридин аман-есән қайтқанлар  үчүн Авғанистан  мәңгүлүк жан ярисиға  айналди. Шу күнләрни әскә елиш вә патриотлуқ тәрбийә бериш мәхситидә  А. Розыбақиев намидики №153 мәктәп-гимназиясида учришиш кечи уюштурулди.  Учришишқа   Авғанстанда һәрбий хизмитини өтигән, вайим  билән тавакәлчиликкә толған жилларни  кейин қалдурған жәңчи, Әршәм Шәмшидинов  вә  1980 - жилниң  20- сентябрь күни   Авғанстанда урушта   қаза тапқан Айсавдун Зайналович Науметовниң сиңлиси чақирилди. Чарида Авған уруши тоғрилиқ мәлуматлар ейтилди,  «Достлуқ»  мәһәллисидин атланған  Ушурбакиев Шакир, Мердинов Аппас, Александр Кислов, Сергей Кислов, Рузиев Анвар,  Дурсунов Мардали, Айсавдун Науметовтар вә башқиларни әскә алди.Кәлгән меһманлардин авған урушиниң ветерани  Әршәм Шәмшидинов   уруштин  әсләтмиләр вә бешидин өткән  вақиәләр билән бөлүшти. Қатнашқучи меһманлар қаза тапқан жәңчиләрни бир минутлуқ  үнсизлик билән әскә алди. Шуниң билән қатар кәч давамида  интернационалист - жәңчиләргә беғишлинип шеирлар оқулуп, уруш,  течлиқ тоғрилиқ нахшилар ейтилди. Чарә-тәдбир ахирида сөз алған мәктәп директори  Шавкәт Нияз оғли  Умаров меһманларға миннәтдарлиғини билдүрүп , соғиларни тапшурди. Һәә, өлгәнләр қайтип кәлмәйду, бирақ уруш жүригигә  өчмәс ярә салған  әзимәтләргә һөрмәт көрситиш  бизниң хасийәтлик пәрзимиз.

On February 15, our country remembers the soldiers who died in the Afghan war and worships their souls. The Afghan war, which destroyed the lives of many, lasted ten years. How many young people died and how many returned crippled. Their task was to fulfill their duty to the Motherland, to keep their oath. This is how the Afghan war ended, which brought suffering to so many families. Afghanistan has become an eternal wound for those who returned safely from fire and bullets. In order to commemorate these days and foster a sense of pride among children for the heroism of our people, an event was organized at the A. Rozybakiev Gymnasium 153. Arsham Shamshidinov, a soldier who served years of military service in Afghanistan and left behind years full of worries and risks, and the sister of Aisavdun Zainalovich Naumetov, who died in the war in Afghanistan on September 20, 1980, were invited to the meeting.  Information about the Afghan war was presented at the event, and those who went to war from the Dostyk microdistrict, Ushurbakiev Shakira, Merdinova Appas, Alexander Kislov, Sergey Kislov, Ruzieva Anvar, Dursunov Mardali, Aisavdun Naumetov and others were remembered. Among the guests, Arsham Shamshidinov, a veteran of the Afghan war, shared his memories of the war and those difficult times. The participating guests observed a minute of silence in memory of the fallen soldiers. The event was accompanied by slide presentations dedicated to those long-standing events, poems dedicated to internationalist fighters were read, songs about war and peace were performed. At the end of the event, the headmaster of the school, Shavket Niyazovich Umarov, thanked the guests and presented gifts. Yes, the dead do not return, and it is our sacred duty to pay tribute to the citizens whose hearts were indelibly wounded by the war.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: