Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара » Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа - гимназия №153 имени. А.Розыбакиева» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
25
май
2023

Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара

9 мамыр – Жеңіс Күні  және Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні. Осы екі даңқты күн біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерліктерін еске түсіреді.Бұл мереке екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпашылығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
 Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ешкім ұмытпайды және олардың ерліктері ешқашан  ұмытылмайды. 
 2023 жылдың 5 мамырында  А.Розыбақиев атындағы  № 153 мектеп-гимназияда  Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Жүргізушілер соғыс жылдарындағы қазақ халқының ерлігін, майданды нанмен, қару-жарақпен, киім-кешекпен қамтамасыз еткен тылдағы  адамдардың   тарихи рөлі мен қолдарына қару алып, Отанды қорғаған әйелдер туралы әңгімеледі.
 «Сталин» колхозынан, қазіргі «Достық» ықшамауданынан соғыстың алғашқы жылында 150-ден астам адам майданға аттанса, оның 92-сі майданнан оралмай, Отан үшін жан қиды.
 Майданда қаза тапқан жауынгерлерді, соғыстан оралып, соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын көтерген және  бейбіт уақытта қаза тапқан ардагерлерді еске түсіру үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
 Мектептің үздік оқушылары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер стеласына гүл шоқтарын қойды.
 Талантты жастар жауынгерлердің өшпес ерліктері мен Жеңіс күніне арналған өлеңдерін ерекше сезіммен жігерлене, мәнері мен нақышына келтіріп айтты.  Дауыстарынан Ардагерлер мен Отан қорғаушыларға деген құрметтері  сезіліп тұрды.
 Орындалған көңілді   ән мен би көрермендерді баурап алды және олар  жас таланттардың өнеріне тәнті болып, ду қолшапалақпен ризашылықтарын білдірді. 
 Концерт мектептің нәзік жанды ұстаздарының ер азаматтарға арнаған   көңілді әндерімен аяқталды.
 Мектеп директоры Ш.Н. Умаров мерекелік концертті ұйымдастырушылар мен  қатысушыларға алғыс білдірді. Жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық  және шығармашылық табыс тіледі. Оқушыларға бақытты өміріміз үшін құрбан болған ардагерлерді еш уақытта ұмытпай, мәңілік есте сақтау керектігін айтып өтті және 16 жасқа толған әскерге шақырылатын жасөспірімдерге шақыру учаскесіне  тіркелу куәліктерін  салтанатты түрде табыс етті (10-11 сыныптар оқушылары) 
  ...«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.
Отанымызды қорғау-әркімнің міндеті. Ендеше, көк аспанды соғыстың алапат бұлттары ешқашан түнертпесін деп тілейік. Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 
  

 День Великой Победы и День защитника Отечества в Казахстане – эти две славные даты напоминают нам о подвигах наших отцов и дедов. Всеми любимый, дорогой, светлый и в тоже время скорбный  праздник 9 мая никогда не забудет народ. Память о героях ВОВ вечна: никто не забыт – ничто не забыто!
    05.05.2023г. в ШГ № 153 им. А. Розыбакиева состоялся праздничный концерт, посвящённый Дню Великой Победы и Дню защитника Отечества. Ведущие рассказали о героизме казахстанского народа в годы войны, об исторической роли тыловиков, обеспечивавших фронт хлебом, оружием, одеждой, о женщинах, с оружием в руках защищавших Родину.
   Из колхоза «Сталин», ныне мкр. «Достык», в первый же год войны ушли на фронт более 150 человек, но 92 из них не вернулись с фронта, они погибли во имя Родины. За солдат, погибших на фронте, за ветеранов, вернувшихся с войны и поднимавших народное хозяйство в послевоенные годы и умерших в мирное время, была объявлена Минута молчания. 
   Лучшие ученики школы возложили цветы к Стеле погибшим воинам в ВОВ. Затем учащиеся проникновенно и выразительно, вкладывая всю свою детскую душу, читали стихи, посвящённые бессмертным подвигам солдат и Дню Победы. Не оставили равнодушными и песни о войне и мире, в детских   голосах слышались уважение и гордость за своих прадедов. А зажигательные национальные танцы учащихся разных классов в ярких костюмах, с задорной улыбкой покорили зрителей. Зал рукоплескал юным школьным талантам. Концерт закончился  исполнением шуточной песни учителей-женщин в адрес мужской половины.   
   В заключение мероприятия выступил директор школы Ш.Н. Умаров. Поблагодарив участников мероприятия за содержательный концерт, он поздравил собравшихся с Днём Победы, пожелал здоровья, успехов в учёбе и в творческих начинаниях, наказал ученикам помнить о ветеранах, погибших за нашу счастливую жизнь, и торжественно вручил приписные свидетельства к призывному участку юношам, достигшим 16 лет (10-11кл.).
  Память важна: пока память жива, жива и гордость. Да, память героев священна, борьба за мир – дело всех и каждого. Так пожелаем же, чтобы небо над нашей головой никогда не омрачали зловещие тучи войны. Счастья и мира всем!
    
        
Улуқ Ғалибийәт күни вә Вәтәнни һимайә қилғучилар мәйрими- ушбу алаһидә мәйрәмләр әждатлиримизниң әрликлирини ядимизға чүшириду. Һәммә үчүн қәдирлик, муқәддәс вә шанлиқ мәрикә 9-май күнини хәлиқ һечқачан унтимайду. Өз тәғдирини хәлиқ тәғдири билән чәмбәрчас бағлиған қәһриманлар УВУ қәһриманлириниң хатириси мәңгү:  һеч ким вә һеч нәрсә унтулмайду!
05.05.2023-жили гимназиямиздә Ғалибийәт күни вә Вәтән һимайә қилғучилири күнигә беғишланған тәнтәнилик иш-чарә болуп өтти. Риясәтчиләр уруш жиллиридики вәтәндашлиримизниң әрлиги һәққидә ейтип өтти.
         «Сталин» колхозидин, һазирқи «Достлуқ» мәһәллисидин урушниң дәсләпки жиллиридила фронтқа 150 адәм кәткән, уларниң 92 Вәтән алдидики пәрзини ада қилип, қаза тапқан. Уруш жиллири әрлик билән қурван болғанлар хатирисигә бир минут сүкүнат сақлиди.
Гимназиямизниң оқушта әла, үлгилик оқуғучилири УВУ қәһриманлириниң ядикарлиқлириға гүл қойди. Андин Улуқ Вәтән уруши жиллири қәһриманларчә күрәшкән атиларниң, арқа сәптә пидакаранә әмгәк қилған аниларниң әрлигини әскә елип шагиртлиримиз шеирлирини беғишлиди.Мәрикилик кәч ханум устазлиримизниң жигит устазлар һөрмитигә беғишлап ейтқан һәзил арилаш нахшиси билән аяқлашти.
          Кәч ахирида гимназия мудири Ш. Н. Умаров сөзгә чиқип, барлиқ қатнашқучиларға мәзмунлиқ иш-чарә үчүн миннәтдарлиқ билдүрди. Һәммисини Улуқ Ғалибийәт күни  билән тәбрикләп, мустәһкәм саламәтлик, оқушта вә ижадийәттә утуқлар тилиди вә оқуғучиларға бизниң очуқ асман астидә разимәнликтә һаят кәчүришимизгә шараит яратқан әждатлиримиз әрлигини әстин чиқармаш керәклигини ейтти.
Асминимиз дайим очуқ болуп, заминимиз теч болсун!


https://youtu.be/pO39hHhqDq0​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: