«Тәлімгерлік- мектептің кадрлық әлеуетін дамытудың тиімді құралы» » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » «Тәлімгерлік- мектептің кадрлық әлеуетін дамытудың тиімді құралы»
09
апрель
2024

«Тәлімгерлік- мектептің кадрлық әлеуетін дамытудың тиімді құралы»

Сәуір айының 5 жұлдызында  А. Розыбақиев  атындағы  №153   мектеп-гимназясының базасында  қалалық «Өрлеу» біліктілікті  арттыру  ұлттық орталығы тарапынан  «Тәлімгерлік- мектептің кадрлық әлеуетін  дамытудың  тиімді  құралы» тақырыбына Көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді. Курс жетекшісі  А.А. Абайдуллаеваның жетекшілігінде   тәжірибелік сабаққа жиналған  курс  тыңдаушылары  мектеп ішін аралап көріп, мектеп тынысымен танысып болғаннан кейін жұмысын мәжіліс залында жалғастырды. Мектеп директоры Ш.Н. Умаров келген қонақтарды мектеп тарихы  және  оқу тәрбие  үдерісімен  таныстырып өтіп, қонақтардың жұмысына сәттілік тіледі.  Сабақ тізгінін қолына алған директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары  А.Н. Асқарова бастаған тәлімгерлер тобы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.   «Жас мамандарға жайлы орта» тақырыбына қызықты, ғылыми  тұрғыда  негізделген аргументтер арқылы баяндама жасаған Аида Наримановнаның сөзін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Масимова Гулнар Абдуллаевна жалғастырып,  жас маманды жетістікке жетелеудегі жүйелі, жоспарлы жұмыстың нәтижесіне тоқталды.  Жас маманның теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал етуде жаңа технологияны пайдаланудың  тиімділігін  математика пәні мұғалімі Жалилова Назугум Летиповна мен химия пәні мұғалімі Таирова Қалбинур Тельманқызы баяндады. Ал, жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсетуде оларды шабыттандыратын және ынталандыратын жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесінің   іс жүзіндегі қызықты кездерімен   бастауыш сынып мұғалімі Садирова Гулинур Тохтасунқызы бөлісті.Әрбір баяндамашыны  көңіл қойып тыңдаған курс тыңдаушылары тәлімгерлердің шығармашылық тобына өз  алғыстарын айтты. Сондай-ақ,  Окслей көрсеткендей «тәлімгерлік үдерісі түзету қағидатына емес, даму қағидатына» негізделген жағдайда  ғана табысты болатынына   көздерін жеткізді.
         5 апреля на базе школы-гимназии №153 имени А. Розыбакиева городским Национальным центром повышения квалификации “Өрлеу” было проведено выездное практическое занятие на тему: “Наставничество - эффективное средство развития кадрового потенциала школы”. Слушатели курсов, собравшиеся на практические занятия под руководством руководителя курса Абайдуллаевой А. А., после посещения школы и ознакомления с ее деятельностью, продолжили работу в конференц зале. Директор школы Ш. Н. Умаров ознакомил гостей с историей школы и учебно-воспитательным процессом, пожелал успехов в работе гостям. Своим опытом поделилась группа наставников во главе с заместителем директора по учебно-воспитательной работе Аскаровой А. Н., которая взяла на себя руководство. Выступление Аиды Наримановны, выступившей с докладом на тему “Комфортная среда для молодых специалистов”, с помощью интересных, научно обоснованных аргументов, продолжила учитель казахского языка и литературы Масимова Гульнар Абдуллаевна, которая остановилась на результатах систематической, планомерной работы по подготовке молодых специалистов к успеху. Эффективность использования новых технологий в сочетании с теоретическими знаниями, умениями и навыками молодых специалистов с практикой в повышении профессионального мастерства доложили учитель математики Жалилова Назугум Летиповна и учитель химии Таирова Калбинур Тельмановна. А практическими интересными моментами своего опыта в реализации проектов, которые вдохновляют и мотивируют молодых специалистов в успешном начале их профессиональной деятельности, поделилась учитель начальных классов Садирова Гулинур Тохтасуновна. Слушатели курса, выслушав каждого докладчика, выразили свою благодарность творческой группе наставников.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: