А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында құрылған «Олимпиадалық резерв мектебі» » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » » А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында құрылған «Олимпиадалық резерв мектебі»
27
февраль
2021

А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында құрылған «Олимпиадалық резерв мектебі»

       А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында  құрылған  «Олимпиадалық резерв мектебі»  оқушыларды қабілетіне қарай  жүйелі дамытып,  оларға қолдау көрсетіп отыру мақсатында бір қатар игілікті істер атқаруда. Мектеп басшылығы тарапынан «Дарынды оқушылармен жұмыс»  бағдарламасы дайындалып, оқушылардың қызығушылығына  қарай топталуына бағыт-бағдар берілсе, әр пән кафедрасы  жанында бұл бағдарламаны жүзеге асыруда  бірнеше топ құрылып, жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп келеді. Олардың міндеті - оқушыларды   белгілі бір пән бойынша   олимпиадаға дайындаумен қатар  әр түрлі байқаулар және сайыстарға дайындап   қатыстыру , яғни жан-жақты   дамыған, өрелі азаматты   қалыптастыру болып табылады. Осындай мақсатта  еңбек етіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні кафедрасының  жанынан түзілген   топтағы оқушылар да   бүгінгі күнде  жеке қабілеті мен бейімділігін  ашуда білімдерін толықтырып, түрлі байқаулардың жеңімпазы болып жатыр. Сонымен қатар, елімізде өтіп жатқан  іс-шараларға үн қосып, өздерінің бір адамдық үлесін қосып келеді. Оның дәлелі топ мүшелерінің   бүгінгі таңда  Отанымыздың түкпір-түкпірінен бір – біріне жалғаса  жаңғырып  жатқан ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың  жырларын жаттап, ақын шығармашылығына  болған сүйіспеншілігін білдіруі. Осындай  «Жыр шашуы» Масимова Гулнар Абдуллақызының басшылығында жұмыс жүргізіп жатқан топ мүшелері тарапынан ұйымдастырылды.

https://youtu.be/yR3V1yQobKA​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: