16-желтоқсан Тәуелсіздік күні » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
16
декабрь
2020

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні

Бүгінгі күнде көпұлтты еліміз Қазақстанның түкпір-түкпірінде тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Осындай шаралардың бірі   «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбымен А.Розыбақиев атындағы № 153 мектеп-гимназияның мәдениет  залында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еліміз тарихын біліп, қастерлеуіне,  Тәуелсіздік туын ұлықтап,  құрметтеуіне  ықпал ету, қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу.  
       Қазақстан Республикасының  жалынды  әнұранының  астында  басталған  салтанатты жиын жүргізушілердің Тәуелсіздік тарихы мен тәуелсіздік  туралы өлең-жырларына жалғасып жатты. Отан туралы өлең  шұмақтары қазақ, ұйғыр, орыс, ағылшын тілдерінде жаңғырды. Тарихта өшпес із қалдырған 1986  жылдың   желтоқсан айы оқиғасы құрбандары  Қайрат Рысқулбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мухамеджанова  және басқа мыңдаған жас ұл-қыздардың құрметіне үнсіздік минуты жарияланды. Тәуелсіздік орнағаннан кейінгі жетістіктер,  достығы мен  бірлігі жарасқан Қазақстан халқының жарқын өмірі туралы әндер айтылып, бейнефильмдер көрсетілді. Гимназиямыздың  мақтанышы болған  «Бахар» би ансамблінің орындауындағы билер көрермендерге  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Жылдағы дәстүр бойынша мереке барысында    « Жас Ұлан»  атты жасөспірімдер бірлестігі қатарына үлгілі оқушылардан он бес  оқушы қабылданды. Бұл оқушылардың  осы мезеттегі қуанышы тәуелсіз еліміздегі балалардың  бақытты балалық шағының бір көрінісі іспеттес болды.  
    Салтанатты жиын  соңында Алматы қалалық маслихат депутаты, гимназия директоры Ш. Н. Умаров баршаны бабаларымыз армандаған,  даналарымыз жырлаған  ұлы мерекемен құттықтап, шәкірттерді  отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін үлгілі оқып, білім алуға шақырды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: