ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
20
январь
2022

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

  Оқыту мен   тәрбиелеудің үздіксіз процесі – сапалы білім беру. Яғни ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық, іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың  бойындағы   бар қабілетін кемеліне  келтіріп  жан-жақты   тұлға тәрбиелеу   керек.   Бұл  бүгінгі күнде  барлық білім ордаларын толғандырып  жатқан   мәселе.  Осы мәселелерді шешудің  жауаптарын  іздеген   А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназия  педагогикалық ұжымының    қаңтар айының  14-15  жұлдызында өткізген  «Білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қолдану арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру» тақырыбындағы  педагогикалық кеңесі  екі күнге жоспарланды.  Педагогикалық кеңестің бірінші бөлімі теория түрінде өтсе, екінші бөлімінде  практикалық жұмыстар  жүргізілді. Мұғалімдер теориялық  бөлімде  бірінші жарты жылдықтағы білім сапасының  нәтижесімен ,  яғни статистикалық  есептермен танысты.  Сондай-ақ , күн тәртібіне 2-тоқсан  соңында  8-10- сынып оқушыларының интеллектін тексеру мақсатында  алынған CEFR, Aмхауэр тестерінің қорытындыларын   талдау.  Білім сапасын көтеруде білім беру бағдарламасын дайындау,  сандық  платформаларды тиімді қолдану  бойынша «Сандық мектеп »  мектепішілік пилоттық  жобасының   аясында құрылған  шығармашылық топтың бірінші жарты жылдықта  жүргізген жұмыстарының  нәтижесін талдау  сияқты маңызды мәселелер қойылды.  Оқушылардың интеллектін  тексеру барысында  директордың бейінді оқыту  бойынша орынбасары  А.Н. Асқарова 8-10- сыныптар арасындағы үздік оқитын оқушылардың  CEFR,  Aмхауэр тестері нәтижесіндегі көрсетілген интеллектуалдық  әлеуетінің  қандай деңгейде екенін және оны қалай дамыту керектігіне кеңінен тоқталды. Яғни әрбір оқушының вербальды, математикалық, бейнелік  (пространственный) интеллектерін  жеке-жеке график арқылы тыңдаушыларға жеткізді.  Бұл жерде оқушылардың ағылшын тілін меңгерудегі «Шет тілін меңгерудегі жалпы еуропалық құзіреті» (CEFR)  деңгейлерін   негізге ала отырып айқындалған  дәрежесі және оларды  билингвал сабақтарға қатыстыру үшін қандай дайындығы  болу керектігі туралы да сөз қозғалды.  Баяндамашы  оқушылардың не үшін  оқуды үйренгісі келмейді және мектептегі ең маңызды пән қайсы  деген сұрақтарға  мұғалімдердің пікірін тыңдай отырып, осы бағыттағы тәжірибелермен бөлісті.   Мұғалімдер үшін білім сапасын көтеруде, оқушылардың оқуға болған құштарлығын арттыруда  қандай қадамдар жасау керектігі туралы ой салды. Сандық платформаларды тиімді пайдаланудың нәтижесі туралы есеп берген  «Сандық мектеп »  мектепішілік пилоттық  жобасының   жетекшісі, жас мұғалім Смолина А. цифрлық білім жүйесін қолдану білім алушылардың қызығушылығы  мен белсенділігін арттыруда,  шығармашылық ойлау  қабілетін дамытуда  маңызды рол   атқаратынына  практикада  жасалған жұмыстардың негізінде  тоқталып өтті. Іс жүзінде Google Classroom, kahoot, learning-Aps, wordwall  сияқты тағы басқа платформаларды тиімді пайдаланып жатқан мұғалімдер де өз пікірлерімен бөлісті.    Келесі күні ұстаздар педагогикалық кеңестің бірінші бөлімінде алған теориялық білімдерін практикада іске асыруға топ болып құштарлықпен кірісті. Әрбір кафедра   үшінші тоқсанда оқушылардың  пәнге болған қызығушылығын арттыруда іске асыратын   жұмыстарының бағдарламасын  түзіп, қорғап , көпшіліктің сыни көзқарастарының негізінде  түзетіп,   бекітуге дайындады. Мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылған бұл педагогикалық кеңес қызықты да, нәтижелі өтті.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: