Администрация школы » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
10
февраль
2021

Администрация школы


        Мен, Мусаев Талипжан Якупжанұлы, 1991 жылы маусым айының бірінші жұлдызында Панфилов ауданы, Пенжим ауылында дүниеге келдім. 2013 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің тарих факультетін бітірдім.

             Оқу орнын аяқтап, ұлттық білім саласына қатысты ұйымдарда, атап айтқанда  «Мир» баспа үйі және  «Атамұра» басылым  корпорациясының ұйғыр редакциясына  жұмысқа орналастым. Осы мекемелерде істеген жылдарымды ерекше мақтан етемін. Өйткені, мен бұл жылдары ана тіліміздегі мектептерге арналған көптеген оқулықтар және әдістемелік оқу құралдарын сапалы дайындау барысында еңбек етумен қатар, ұлттық білім саласында, басылымдардың дамуы үшін бір кісілік үлесімді қостым. Жетістік өздігінен келмейді. Ол үшін ерінбей еңбек ету, іздену және тәжірибе жинау қажет. Осы мақсатта өз мамандығым бойынша Абдулла Розибақиев атындағы №153 мектеп-гимназияға жұмысқа орналастым. Ұйғыр тілінде білім беретін мектептер арасында дүние жүзі бойынша алғашқы гимназия мәртебесіне ие болған бұл мектеп республика көлемінде көшбасшы деңгейіне көтерілген, озық тәжірибесімен танылған ірі білім ордаларының бірі. Қасиетті шаңыраққа тарих пәні мұғалімі болып орналасқаныма көп болмаса да, мектеп ұжымының қолдауының арқасында біраз  жетістіктерге де жеттім. Мектеп ұжымы үнемі ізденіс үстінде жүретін, шығармашыл топ. Бүгінгі күнде жетіп жатқан жетістіктер осы  ұстаздар еңбегінің жемісі деп білемін. Сондай-ақ, сол еңбекте, яғни мектебіміз түлектерінің қоғамда, жеке өмірінде немесе   жұмыс барысында жеткен жетістіктерінде тамшыдай болса да менің де үлесім бар деп айтсам артық болмас. 

        Жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім бақшасының  бағбаны ұстаздар емес пе? Біз өсірген ағаштардың мол жеміс бергенін көргенде басымыз көкке жетіп, мақтанамыз және осы асыл қасиеттерді бойына сіңірген түлектеріміздің жеткен жетістіктерінде аз болса да өзіміздің еңбегіміздің бар екенін мақтан етеміз. Қазір көп ұлтты елімізде біздің, яғни ұйғыр халқының жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Елімізде алпыстан аса ана тілімізде оқытатын мектептеріміздің жұмысы Президентіміздің халқымыз үшін жасаған зор қамқорлығы деп сенімді түрде айта аламын. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: