"Директорлық сенбі-ата-аналар дауысы" 6-7 сыныптар » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
23
октябрь
2021

"Директорлық сенбі-ата-аналар дауысы" 6-7 сыныптар

                                     "Директорлық сенбі-ата-аналар дауысы" 6-7 сыныптар


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасы әрбір білім беру ұйымының "ата-аналар дауысы – директорлық сенбі"онлайн-кездесуін өткізу туралы шешім қабылдады.

Онлайн-кездесулердің мақсаты: ата-аналарға толғандыратын мәселелері бойынша балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің, құқық бұзушылықтар мен суицидтік мінез – құлықтың алдын алудың, сондай – ақ "мектеп-бала-ата-ана" қарым-қатынас пен өзара іс-қимылға қатысты барлық психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері бойынша пәрменді көмек көрсету.

А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында 23-қазан, сағат 10.30-да 6 сынып оқушыларының, ал сағат 12.00-де 7-сынып оқушыларының ата-аналарына Zoom платформасы арқылы онлайн режимде "директорлық сенбі – ата-аналар дауысы" атты жиналыс өтті.

Онлайн-кездесуге гимназия директоры - Умаров Ш.Н., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Масимова Г.С., педагог-психолог Касымова З. Ж., 6 және 7-сынып жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  • отбасылық тәрбиенің баланың психологиялық денсаулығына әсері 
  • балаларды тәрбиелеу-ата-аналар, мұғалімдер және қоғамның ынтымақтастығы
  • құқық бұзушылықтың алдын алу;
  • әр түрлі мәселелер.

Онлайн-кездесу өте нәтижелі өтті. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: