02 февраль 2021 100 1 2 3 4 5 Құттықтаймыз! А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гиназия мұғалімдері үшін бүгінгі күн ерекше болды. Себебі мектебіміздің директоры Ш.Н.Умаровтың қатысуымен өткен мұғалімдер жиыны ұстаз қауымын құттықтаумен аяқталды. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары мұғалімдердің жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарындағы пәндердің формативті бағалау және « Бөлім бойынша жиынтық бағалау» тапсырмалар жинағын әзірлеу бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жанынан құрылған жұмыс тобында болып, еліміздің білім беру саласын дамыту жолында ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбектері үшін көрсеткен құрметі еді. Бұл ұстаздар үшін ең бір бақытты сәт деп атап айтсақ болады. Осы беттің QR-коды:QR-код этой страницы: