Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
26
март
2025

ПИ саны

ПИ саны
Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ерекше интеллектуалдық байқау өтті. Білімге құштар жасөспірімдер ПИ санының мүмкіндігінше көп таңбасын есте сақтап, қағаз бетіне түсіру арқылы өз шеберліктерін сынға салды. Оқушылар 30 минут ішінде есте сақтау қабілеттерін, зерделіліктерін және табандылықтарын көрсетуге тырысты. Байқауға барлығы 20 оқушы қатысып, олар өздерінің математикалық есте сақтау қабілеттерінің мықтылығын дәлелдеуге талпынды. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде 11 «В» сынып оқушысы Чербекова Ясмина 152 сан жазып, бас жүлдеге ие болды. 7 «В» сыныбынан Алимжанова Адалят 136 санмен бірінші орынды, 8 «Б» сынып оқушысы Хакимжанов Сұлтан 120 сан жазып екінші орынды, ал 9 «А» сынып оқушысы Аркинова Зумрад 72 санмен үшінші орынды иеленді.
Бұл байқау оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, есте сақтау дағдыларын жетілдіруге және математикаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ерекше шара болды. Осындай білім сайыстары оқушылардың ғылымға деген сүйіспеншілігін оятып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге ынталандыратыны сөзсіз.
В рамках программы «Единое воспитание» в школе-гимназии №153 имени Абдуллы Розыбакиева учителя математики организовали необычный интеллектуальный конкурс, посвященный числу ПИ. Ученики соревновались в запоминании и записи как можно большего количества знаков этого бесконечного числа. В течение 30 минут участники проявили свою память, внимание и усидчивость. В конкурсе приняли участие 20 школьников, каждый из которых стремился показать свой лучший результат. По итогам соревнования Гран-при завоевала Ясмина Чербекова, ученица 11 «В» класса, записавшая 152 цифры. Первое место заняла Адaлят Алимжанова (7 «В» класс) с 136 цифрами, второе место — Султан Хакимжанов (8 «Б» класс), записавший 120 цифр, а третье место досталось Зумрад Аркиновой (9 «А» класс), которая запомнила 72 цифры.
Этот конкурс не только развил у участников логическое мышление и тренировал память, но и повысил их интерес к математике. Подобные интеллектуальные состязания мотивируют учеников к познанию науки и открывают перед ними новые горизонты для самосовершенствования.
As part of the “Unified Education” program, mathematics teachers at Abdulla Rozybakiev School-Gymnasium No. 153 organized a unique intellectual competition dedicated to the number Pi. Students competed to recall and write down as many digits of this infinite number as possible. Over the course of 30 minutes, participants demonstrated their memory, focus, and perseverance. A total of 20 students took part, each striving to achieve their best result. As a result of the competition, the Grand Prize was awarded to Yasmina Cherbekova, an 11th-grade student from class “V,” who wrote down 152 digits. First place went to Adalyat Alimzhanova (7th grade, class “V”) with 136 digits, second place was secured by Sultan Hakimzhanov (8th grade, class “B”) with 120 digits, and third place was taken by Zumrad Arkinova (9th grade, class “A”), who recorded 72 digits. This competition not only enhanced students’ logical thinking and memory skills but also increased their interest in mathematics. Such intellectual challenges inspire students to explore science and open new opportunities for self-improvement.
https://www.facebook.com/share/v/16f5iydjpp/​​​






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: