19
февраль
2025
Миф апталығы
А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында Миф апталығы аясында 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында білім сайысы ұйымдастырылды. Зияткерлік байқау үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең – математикалық, екінші кезең – физикалық, ал үшінші кезең – информатикалық. Қатысушылар әр кезеңде өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынап, берілген тапсырмаларды орындап, өзара бақ сынасты.
Байқаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуін әділ қазылар алқасы қамтамасыз етіп, қатысушылардың нәтижелерін нақты бағалады. Жарыс қорытындысы бойынша 9-сынып оқушылары 39 ұпай жинап, 1-орынды иеленді және 5000 теңгелік ақшалай сыйлықпен марапатталды. 11-сынып оқушылары 38 ұпаймен 2-орынға ие болып, 4000 теңге сыйлық алды, ал 10-сынып оқушылары 34 ұпай жинап, 3-орынға қол жеткізіп, 3000 теңге жүлдеге ие болды.
Бұл байқау оқушылардың білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, алдағы жетістіктеріне ынталандырды. Миф апталығы аясындағы бұл сайыс жас өрендердің білімге деген талпынысын одан әрі шыңдай түсті.
В школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева в рамках недели «МИФ» (математика, информатика, физика) был проведен конкурс среди учащихся 9, 10 и 11 классов. Соревнование состояло из трёх этапов: первый этап – математический, второй – физический, третий – информатический. Участники выполняли задания каждого тура, демонстрируя свои знания и соревнуясь друг с другом. Работы конкурсантов оценивались согласно установленным критериям членами жюри.
По итогам конкурса учащиеся 9-х классов набрали 39 баллов и заняли 1-е место, получив денежный приз в размере 5000 тенге. 11-классники с результатом 38 баллов заняли 2-е место и были награждены суммой 4000 тенге. Ученики 10-х классов, набрав 34 балла, заняли 3-е место и получили приз в размере 3000 тенге.
Этот конкурс не только способствовал развитию интеллектуальных способностей участников, но и повысил их интерес к науке, мотивируя к дальнейшим успехам. Проведённое в рамках недели «МИФ» соревнование стало отличной возможностью для учащихся проявить свои знания и стремление к новым достижениям.
