17
март
2025
“Біз – эрудит”🧠
Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында 
жаратылыстану апталығы аясында биология пәні мұғалімі Ф.К. Рагипованың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында “Біз – эрудит”
атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Оқушылардың білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейтуді мақсат еткен сайыс үш кезеңнен тұрды:
1. Мен тапқыр – жылдам ойлау мен тапқырлықты талап ететін кезең;
2. Сұрақ-жауап – биология пәні бойынша білімдерін сарапқа салатын бөлім;
3. Крокодил – қызықты да танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлығын тексеретін кезең.
Бәсекеге толы, танымды да тартысты өткен сайыс нәтижесінде 6 “Г” сыныбы гран-при иегері атанса, 6 “Б” сыныбы – бірінші орынды, 6 “Д” сыныбы – екінші орынды, ал 6 “В” сыныбы – үшінші орынды иеленді. Жарысқа қатысқан барлық оқушылар өздерінің терең білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Бұл зияткерлік сайыс олардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын одан әрі нығайта түсті.
В рамках недели естественных наук в школе-гимназии №153 имени Абдуллы Розыбакиева прошла интеллектуальная игра «Мы – эрудиты» среди учащихся 6-х классов. Мероприятие было организовано учителем биологии Ф. К. Рагиповой.
Конкурс состоял из трёх этапов:
1. «Я находчивый» – проверка логики и смекалки;
2. «Вопрос-ответ» – раунд на знание биологии;
3. «Крокодил» – творческое задание, требующее быстрого мышления и артистизма.
По итогам соревнования гран-при завоевал 6 «Г» класс, 1-е место занял 6 «Б» класс, 2-е место – 6 «Д» класс, а 3-е место досталось 6 «В» классу.
Все участники продемонстрировали высокий уровень знаний, эрудицию и креативность. Интеллектуальная игра не только позволила учащимся проявить себя, но и усилила их интерес к науке и познанию окружающего мира.
