«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» » Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа - гимназия №153 имени. А.Розыбакиева» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
14
октябрь
2024

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»

11 қазан күні А. Розибақиев атындағы №153 мектеп-гимназияда жас сынып жетекшілермен «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» тақырыбында мектебіміздің үздік сынып жетекшілері Мурадуллаева Айгуль Насирдиновна және Иминова Бувихелчям Обулкасимовна тренинг өткізді.
Мектеп өмірінде сынып жетекшілердің рөлі өте үлкен. Олар тек пәндерді оқытатын мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, өмірге дайындау, сондай-ақ оларға рухани және психологиялық қолдау көрсететін тәрбиешілер. Сондықтан жас сынып жетекшілерді  қолдау, олардың кәсіби дағдыларын арттыру маңызды болып табылады.
Жас сынып жетекшілердің кәсіби даму тренингі бойынша кең көлемде әңгіме өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты — жаңадан сынып жетекші болған мұғалімдерді қолдау, оларға нақты дағдылар мен кәсіби білім беру, сондай-ақ мектеп жағдайындағы әртүрлі қиыншылықтарды шешу жолдарын қарастыру.
     Тренингтің мақсаты мен мазмұны:
    Тренинг үш бөлімнен тұрып, әр бөлімде сынып жетекшілер үшін маңызды тақырыптар жан-жақты талқыланды:
 1. Сынып жетекшісінің рөлі мен міндеттері
Оқушылардың білімін тереңдетумен қатар, олардың моральдық, әлеуметтік тәрбиесінде сынып жетекшісінің үлкен рөлі бар екендігі айқындалды.
 2. Оқушылармен жоғары деңгейде байланыс орнату әдістері
Сынып жетекшілердің психологиялық тұрғыдан дайын болуы өте маңызды. Оқушылардың күрделі жас кезеңдері, мінез-құлықтары және рухани қажеттіліктерін түсіну, сондай-ақ оқу барысында күтпеген жағдайларға дайын болу мәселелері кеңінен талқыланды.
 3. Өмірмен байланысты жағдайларды шешу
Әртүрлі мәселелермен бетпе-бет келгенде, ұстаздық статусын ұмытпау және эмоцияға берілмеудің маңызы атап көрсетілді.
Тренинг соңында мұғалімдер өз әсерлерімен бөлісті. Қорытындылай келе, жас сынып жетекшілермен жұмыс жүргізу тренингтерінің маңызы өте зор. Себебі , мектепке жаңа қадам басқан мұғалімдер көп жағдайда өздерін жеткілікті кәсіби білім мен дағдыларға ие емес деп есептейді. Бұл тренингтер мұғалімдерге қолдау көрсету, оларға көмек беру үшін маңызды.
Аталған тәжірибе мектеп ұжымындағы өзара көмектесудің және бірліктің маңыздылығын көрсетіп, сынып жетекшілерінің кәсіби дамуына үлес қосты. Әрине, мұндай тренингтер жыл бойы жүзеге асырылатын болады. 

    11 октября в школе-гимназии №153 имени А. Розибакиева прошёл тренинг для молодых классных руководителей на тему «Устазы жақсының – ұстамы жақсы», который провели наши лучшие классные руководители Мурадуллаева Айгуль Насирдиновна и Иминова Бувихелчям Обулкасимовна.
Роль классных руководителей в школьной жизни очень велика. Они не только учат предметам, но и формируют у учащихся моральные взгляды, готовят их к жизни, а также оказывают им духовную и психологическую поддержку. Поэтому важно поддерживать молодых классных руководителей и повышать их профессиональные навыки.
Был проведён широкий разговор о тренинге по профессиональному развитию молодых классных руководителей. Основная цель тренинга — поддержка учителей, ставших новыми классными руководителями, обучение их конкретным навыкам и профессиональным знаниям, а также рассмотрение путей решения различных трудностей в условиях школы.
Цели и содержание тренинга:
    Тренинг состоял из трёх частей, и в каждой части подробно обсуждались важные темы для классных руководителей:
 1. Роль и обязанности классного руководителя
Уточнено, что классный руководитель играет большую роль не только в углублении знаний учащихся, но и в их моральном и социальном воспитании.
 2. Методы установления высокоуровневого общения с учащимися
Психологическая подготовка классных руководителей является очень важной. Широко обсуждались вопросы понимания сложных возрастных периодов учащихся, их поведения и духовных потребностей, а также готовности к неожиданным ситуациям в процессе обучения.
 3. Решение ситуаций, связанных с жизнью
Подчеркнута важность не забывать о статусе учителя и не поддаваться эмоциям при столкновении с различными проблемами.
В конце тренинга учителя поделились своими впечатлениями. Подводя итог, можно сказать, что важность работы с молодыми классными руководителями действительно велика. Поскольку учителя, которые только начинают свою карьеру в школе, часто считают, что им не хватает профессиональных знаний и навыков. Эти тренинги важны для поддержки учителей и оказания им помощи.
Данный опыт продемонстрировал значимость взаимопомощи и единства в коллективе школы и способствовал профессиональному развитию классных руководителей. Конечно, такие тренинги будут проводиться в течение всего года.

11- октябрь күни А.Розибақиев намидики №153 мәктәп-гимназиядә яш синип рәһбәрләр билән «Устази яхшиниң-тутами яхши» мавзусида илғар синип рәһбәрләр  Мурадуллаева Айгүл Нәсирдинқизи вә Иминова Бувихелчәм Обулқасимқизи  тренинг  өткүзди.
Мәктәп һаятида синип рәһбәрләрниң роли наһайити зор. Улар пәқәт пән үгитидиған муәллимләрла әмәс, бәлки оқучиларниң инсаний көз қарашлирини шәкилләндүрүш, һаятқа  тәйярлаш, шундақла уларға роһий һәм психологиялик қоллап-қувәтләш көрситидиған тәрбийичиләрдур. Шуниң үчүн яш синип рәһбәрләрни қоллап-қувәтләш,уларниң кәсипий маһаритини ашуруш муһим болуп һесаплиниду.
 Яш синип рәһбәрләр билән кәспий тәрәққият тренинги  бойичә кәң даиридә сөһбәт елип берилди. Тренингниң асасий мәқсити — йеңидин синип рәһбири болған муәллимләрни қоллаш, уларға һәқиқий маһарәт вә кәспий билим бериш, шундақла мәктәп даирисидики һәрхил қийинчилиқларни йешиш йоллири. 
Тренингниң мәхсити вә мәзмуни:
Тренинг үч қисимдин иbарәт болуп, һәрбир бөлүмдә синип рәһбәрләр үчүн муһим болған мавзулар әтраплиқ муһакимә қилинди:
1. Синип рәһбәрниң роли вә вәзипилири
Оқучиларниң пәқәт билимини техиму пухта қилишла әмәс, бәлки уларниң әхлақий, иҗтимаий тәрбийәсидә синип рәһбириниң чоң роли барлиғии айдиңлаштурулди.
2. Оқучилар билән алий дәриҗидә алақә қилиш усуллири
Синип рәһбәрләрниң психологиялик җәһәттин толуқ тәйяр болиши зөрүр. Оқучиларниң мурәккәп яш вақти, хисләтлири вә уларниң роһий еҳтияҗлирини чүшиниш үчүн муәллимләрниң қандақ йөләкчи болуши, шундақла оқуш җәриянида пәвқуладдә әһвалларға тәйяр болиши һәққидә кәң тәшвиқат елип берилди.
3. Һаят билән бағлинишлиқ вәзийәтләрни йешиш
Һәрхил муәммиләрни йәшкәндә, өзиниң устазлиқ статусини унтумаслиқ вә эмоциягә берилмәсликниң әһмийити тәкитләнди
Тренинг ахирида муәллимләр өз тәсиратлири билән бөлүшти.  Хуласиләп ейтқанда, яш синип рәһбәрләр билән ишләш тренинглириниң әһмийити наһайити зор. Чүнки мәктәптә ишләшкә йеңи қәдәм ташлиған муәллимләр көп һалда өзлирини йетәрлик кәспий билим вә маһарәткә егә әмәс дәп һесаплайду. Бу тренинглар һәм уларни қувәтләндүрүш, һәм уларға ярдәмлишиш үчүн муһим.
Мәзкүр тәҗрибә мәктәп коллективи ичидики ярдәмлишиш вә бирликниң муһим әһмийитини йоруққа чиқирип, синип рәһбәрләрниң кәспий тәрәққиятиға үлүш қошти. Әлвәттә,мошундақ тренинглар жил давамида әмәлгә ашурилиду.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: