Мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып ұстазы Гульнара Арзымухамедовна «Алматы қаласының жыл мұғалімі» байқауының аудандық кезеңінде, жеңімпаз атанды. » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » Мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып ұстазы Гульнара Арзымухамедовна «Алматы қаласының жыл мұғалімі» байқауының аудандық кезеңінде, жеңімпаз атанды.
03
июнь
2021

Мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып ұстазы Гульнара Арзымухамедовна «Алматы қаласының жыл мұғалімі» байқауының аудандық кезеңінде, жеңімпаз атанды.

     Жақында мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып ұстазы Ниязова Гульнара Арзымухамедовна «Алматы қаласының жыл мұғалімі» байқауының аудандық кезеңіне қатысып, жеңімпаз атанды және қалалық кезеңге жолдама алды.
Ал, Ушурова Сания Ахметқызы «Үздік педагог» республикалық байқауының аудандық кезеңінің бірінші орын жеңімпазы атанды.
Иминова Бувихелчам Обылқасымқызы «Әкім гранты» қалалық байқауының аудандық кезеңінде 2 орынға ие болды
Байқау жеңімпазы Гульнара Арзымухамедовна өзіне қойылған мына сұрақтарға: «Байқауға қатысуда қандай нәтиже күттіңіз? Алға қойған мақсаттарыңызды және нақты қол жеткізілген нәтижелеріңіз туралы айтып бересіз бе?»- деген өтінішке  былай деп жауап берді: «Өмірде ештеңе із қалдырмай кетпейді. Менің де өмірімде болып жатқанның  бәрі —қуаныш пен бақытты сәттер, достастық, қобалжу мен қайғыру, мұңаю — осының бәрі менің жадымда  мәңгі қалары анық.  Мен өмірімнің көп бөлігін арнаған ұстаздық қызметімде де ұмытылмас сәттер мен оқиғалар өте көп. Сондай есімде қалар сәттердің бірі - "Алматының жыл мұғалімі" қалалық  байқауына қатысуым болды. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды, оны дайындау және өткізу үшін көп күш жұмсалды. Бейне материалдарды қалай түсірсе дұрыс болады? Қандай әдістерді қолдану керек? Қандай техниканы қолдану керек? Уақытты қалай тимді пайдаланамын? Қай тәжірибеммен бөліскенім дұрыс? деген сұрақтар мен үшін   өзекті болды. Қаншама ұйқысыз күндерді өткіздім десеңізші?! Шектеулі уақыт ішінде озық тәжірибеңді ұсыну, шеберлік сабақтарда тәжірибедегі инновацияны көрсете білу- рұхы жоғары адамға ғана тиесілі деп ойлаушы едім. Менің өзіме деген сенімім осы аталған кезеңдерден өткеннен кейін пайда болды. Енді міне, мен Әуезов ауданының  абыройын қала деңгейінде қорғамақпын.
Осындай кәсіби шеберлік байқауларына қатысу – мен үшін үлкен мүмкіндік. Атап айтқанда, жұмыс барысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануыма, білім беру қызметіндегі заманауи нысандарды көруіме мүмкіндік береді.  
Осы іс-шараға қатысып, мен өзіме үлкен тәжірибе жинадым десем болады. Сондай-ақ, мұндай байқаулардың ұстаздық қызметтегі маңыздылығын түсіндім.
«Педагогикалық шеберлік» байқауы біздің мамандығымыздың беделін көтереді. Әрине, бұл - кемшіліктерді көруге, қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, әрі қарай қозғалыс жолдарын анықтауға көмектеседі. Мұндай шығармашылық байқауларда, өз ерік - жігеріңізді сынап, барлық біліміңіз бен шеберлік дағдыларыңызды қолданып, көрсетіңіз. Өз біліміңізді байытыңыз, ең бастысы - өзіңізді дәлелдеңіз, биікке  көтеріңіз.
Қатысушылар менімен келіседі деп үміттенемін. Бұл кезең –біз үшін тиімді және қажет болды. Өйткені біз конкурстың барлық кезеңдеріне дайындық барысында кәсіби қызметте пайдалы болатын үлкен тәжірибе жинадық. Менің ойымша, өмірде ештеңе із-түзсіз өтпейді, себебі біздің әрбір басқан қадамымыз қазіргі және болашақ өмір үшін маңызды.
Байқаудың барлық ұйымдастырушыларына, әріптестеріме, әкімшілікке және №153 мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымына көмек пен қолдау көрсеткендері үшін алғысым шексіз. Рақмет!».

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: