«Биоақпараттандыру және синеретика» Вассерман Федор Яковлевич » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » «Биоақпараттандыру және синеретика» Вассерман Федор Яковлевич
21
ноябрь
2023

«Биоақпараттандыру және синеретика» Вассерман Федор Яковлевич

А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназия директоры Умаров Шавкат Ниязұлының арнайы шақыртылуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру сарапшасы , педагогика ғылымдарының кандитаты , профессор, «Биоақпараттандыру  және синеретика» педагогикалық технологиясының авторы Вассерман Федор Яковлевич келіп,  мектеп-гимназия ұстаздарымен кездесту өтті.
Қазіргі   таңда   сабақ   өткізуде   Вассерман   Федор   Яковлевичтің «БжС» технологиясы ең тиімді, ұтымды инновациялық технологиялардың  бірі болып   табылады.  Автордың жасаған қорытындысы бойынша оқыту сапасын басқару-оқыту нәтижесін толық көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға бағытталу, оқытудың сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесін құру. Қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын, ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. (БжС) білім беру технологиясында мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, жасатып отырады. 
«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтың дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары:
– Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
–Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
– Тапсырма деңгейлеп беріледі.
–Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді. 
Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек.
Биоақпараттық және синергетика технологиясымен танысып, саралай келе төмендегідей артықшылықтарды бөліп алуға болады:
- нақты нәтижеге, сапа көрсеткішіне бағытталуы;
-оқыту формасының белсенділігі;
-жекелей, даралап оқытуды қамтамасыз етуі;
-деңгейлеп оқытуды жүзеге асыруы;
-түзету, коррекция және рефлексия жұмыстарын сабақтың әрбір кезеңінде іске асырылуы;
-зерттеу- ізденушілік дағдыларын дамытуға ықпал етілуі.
Осы орайда мектеп-гимназиямызда Вассерман Федор Яковлевичпен бірлікте білім сапасын арттырудағы барлық мүмкіндіктермен танысып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: