Республикалық педагогтер съезі » Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа - гимназия №153 имени. А.Розыбакиева» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
07
октябрь
2023

Республикалық педагогтер съезі

2023 жылы 5 қазан әлемнің 100 елінде ресми түрде  дүниежүзілік "Ұстаздар мерекесі"  болып бекітілді. Соған орай 5 қазан күні елімізде алғашқы рет ұстаздар мерекесі аталып өтілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Республикалық мұғалімдер съезіне қатысып, ең алдымен ұстаздардың кәсіби мерекесі және алғашқы мұғалімдер съезінің ашылуымен құттықтап, баяндамасын бастады. Ахмет Байтұрсынұлының «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген дана сөзі негіз болып, жас бүлдіршіндерге білім мен тәрбие беру – табысқа жетудің ең басты кілті екенін, осы тұста ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда елімізде педагог жетіспейтінін баса айтып, заманауи әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау және жаңғырту қажет екенін ұсынды. 
Мемлекет басшысы балаларды заман талабына сай тәрбиелеуді маңызды мәселе ретінде қарастырып, «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида бойынша жас мамандардың қолындағы қағазға емес, іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жастарды бағалау керектігін айтты.
Президент атап өткен маңызды мәселелердің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Қасым-Жомарт Тоқаев, демографиялық өсудің білім беру жүйесіне кері әсерін болдырмау үшін « Жайлы мектеп» жобасы аясында, екі жыл ішінде жүздеген білім ордаларының салынуын тапсырды.
Сонымен қатар мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алуды, балалардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында балалардың құқықтары бұзылған жағдайда заңды шараларды қолдануды талап етті. 
Мемлекет басшысы 6 ай ішінде қалалық және ауылдық мектептерді интернетпен қамтуды аяқтауды тапсырды. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасына аса үздік жетістіктері және білім беру саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар мұғалімдерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрмет атағын салтанатты түрде табыстады. 
Біз, ұстаздар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтерген мәселерін шын жүректен қолдаймыз. Білім саласының дамуы-жас ұрпақтардың жарқын болашағына жол ашады. Жастардың өмірден өз орнын тауып, жетістікке жетуі үшін ұстаздың алар орны ерекше. Қай дәуірде, қай мемлекетте, қандай құрылымда өмір сүрсек те, ұстаздар қоғамымыз үшін ең маңызды, абыройлы және  қадірлі мамандық иелері.

2023-жили 5-октябрь аләмниң 100- дин ошуқ елидә рәсми түрдә дуния йүзилик “ Устазлар күни” болуп бәкитилди. Шуниңға бағлиқ 5-октябрь күни елимиздә дәсләпки қетим устазлар мәйрими нишанланди.
2023-жили 5-октябрь Астана шәһиридә  устазлар мәйрими һарписиға бағлиқ  тунжа қетим өткүзүлгән  Жумһурйәтлик педагоглар съездиға дөләт рәһбири Қасым-Жомарт Тоқаев қатнишип, сөзини устазларниң шәхсий мәрикиси вә педагоглар съездиниң дәсләп ечилиши билән тәбрикләштин башлиди.   Ахмет Байтурсуновниң “Биз әлни түзәшни оқутуш ишини түзүтиштин башлишимиз керәк”  дегән дана сөзини мисал кәлтүргәч, яш әвлатқа тәрбийә вә озуқ билим бериш – келәчәкниң ачқучи, шу сәвәптин устазларға чоң жавапкәрчилик жүклүнидиғанлиғини атап ейтти. 
Қасым-Жомарт Тоқаев һазирқи вақитта елимиздә педагог йетишмәйдиғанлиғини тәкитләп, заманивий усул вә технологияләрни қолунуп олтуруп, оқутуш программилирини қайта қуруш вә йеңилашни тапшурди. 
Дөләт рәһбири балиларниң заман тәливигә мувапиқ билим елишини  муһим мәсилә ретидә қараштурди. “Өмүр бойи оқи һәм үгән ” дегән сөзни мисал кәлтүрүп , яш мутәхәсисләрниң бир варақ қәғизигә әмәс, уларниң қабилийити, жавапкәрчилиги вә издинишигә әһмийәт берилишини тәләп қилди. 
Президент алаһидә тохталған муһим мәсиләрниң бири – мәктәпләрдә орунларниң йетишмәслиги. Қасым-Жомарт  Тоқаев демографияниң өсүшигә бағлиқ “Қолайлиқ мәктәп ” лаһийәси бойичә икки жилниң ичидә йүздин ошуқ билим дәргаһлириниң  селинишини тапшурди. 
Шундақла мәктәпләрдики зорлуқ-зомбулуқниң алдини елиш, балиларниң бехәтәрлигини қорғаш мәхситидә жүкләнгән вәзипиләрни  дурус орунлашқа вә бала һоқуқи бузулған әһвалда қанун бойичә чарә-тәдбирләрни қолининишқа чақирди. Дөләт рәһбири шәһәр вә йеза мәктәплирини интернет билән тәминләшни 6 ай ичидә аяқлаштурушни буйриди. Қасым –Жомарт Тоқаев сөз ахирида Қазақстан Жумһурийитигә билим саһасидики йемишлик әмгәклири үчүн бирқатар муәллимләргә “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” мукапитини тәнтәнилик түрдә тапшурди. 
Дөләт рәһбири Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткән мәсилилири билән  тапшурмилирини биз, муәллимләр, йәкдиллиқ билән қоллап-қувәтләймиз. Маарип саһасиниң риважлиниши яш әвлатниң парлақ келәчигигә йол башлайду. Келәчәк яш әвлатларниң һаяттин өз орнини тепиши, муваппәқийәткә йетиши  көп җәһәттин устазға бағлиқ. Қайси дәвирдә, қайси дөләттә, қайси түзүмдә яшимайли, муәллим җәмийитимиздики әң қәдирлик, һөрмәтлик һәм шәрәплик кәсип болуп қалғуси.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: