Қала күніндегі шара » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
19
сентябрь
2022

Қала күніндегі шара

Қала күні қарсаңында Алматыда көптеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындар мерекені өз деңгейінде атап өтті. Соның бірі және бірегейі - Әуезов ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Family Park» демалыс паркінде өткен мерекелік шара болды. Бұл күні паркке жиылған қауым Әуезов ауданында орналасқан 33 мектеп тарапынан дайындалған арнайы көрмені тамашалап, ұлттық спорт ойындарынан ұйымдастырылған жарыстарға қатысты. 
         Айта кететін жайт, шараға мектебіміз де ат салысты. А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиямыздың дайындаған көрмесі бірден көптің көзіне түсіп, көңілінен шықты. Көрмені тамашалаған Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов барлық мектеп ұстаздарының еңбегін жоғары бағалады. Ал, оқушыларымыз арқан тарту, қол күрес секілді спорттық ойындарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып,  алматылықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: