Тіл мәртебесі - ел мәртебесі » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
10
сентябрь
2022

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі

Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында, 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты конференция  ұйымдастырды. Қала әкімдігі, А.Байтұрсынұлы музей-үйі, Тіл оқыту институты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері және қаланың 7 ауданы басшылығының өкілдері шақыртылған конференцияға мектебіміз директоры Шавкат Умаров пен қазақ тілі мұғалімдері де қатысты.  Конференцияның шымылдығы «Taga Art» өнер мектебінің балалары дайындаған А.Байтұрсынұлының «Файзуллаға хат» қойылымымен ашылды. Қатысушыларда ерекше әсер қалдырған  қойылымнан кейін жиын модераторы Анна Данченко Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Дәурен Халықовқа сөз берді. 

          – Тілге деген көзқарас – ол шыңдап келгенде, елге деген көзқарас. Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір барымыз да, нарымыз да. Бізге Ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ, –  деді Дәурен Мұратбекұлы өз сөзінде қазақ тіліне деген құрмет Қазақ еліне деген құрметің айғағы екендігін тілге тиек етіп. Сондай-ақ, 312 мыңнан астам тұрғыны бар Әуезов ауданында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, тіл мәселесіне бейжай қарамайтын тіл жанашырлары мен тіл оқыту орталықтарын Әуезов ауданы әкімінің алғыс хатымен марапаттады. 

          Осындай салмақты ой, сараланған пікірлер легін Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет, әдебиеттанушы, Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов, Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Халықаралық Шыңғысхан академиясының құрметті академигі, «Кенесары хан» қорының президенті Мұхтархан Абаған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Нұрдәулет Бәбиханұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКОның журналистика мен коммуникация факультетінің аға оқытушысы, Қазақстан ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбек, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «СЕРПЕР» сыйлығының иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабекұлы жалғастырып, тіл тақырыбы терең талқыланды. Конференция мазмұнын аша түскен сөз майталмандары қазақ тілінің дамуын Ахмет Байтұрсыновтың өнегелі өмір жолымен ұштастырды. 

Жалпы, екі сағатқа созылған бас қосуда тарих сараланып, бүгініміз бағаланып, ертеңімізге деген сеніміміз арта түсті. 






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: