2021 жыл мамыр айының он бірінші жұлдызы А. Розыбақиев атындағы мектеп-гимназия үшін тарихи күн болды. » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » » 2021 жыл мамыр айының он бірінші жұлдызы А. Розыбақиев атындағы мектеп-гимназия үшін тарихи күн болды.
14
май
2021

2021 жыл мамыр айының он бірінші жұлдызы А. Розыбақиев атындағы мектеп-гимназия үшін тарихи күн болды.

    2021 жыл  мамыр айының он бірінші жұлдызы  А. Розыбақиев атындағы мектеп-гимназия  үшін тарихи күн болды деп айтсақ қателеспейміз. Өйткені бұл күні мектеп-гимназия өмірінде  тұңғыш рет   еліміздегі алғашқы жоғары білім ордасы,   кезінде О.Жандосов, С.Асфендияров, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Х.Досмұхамедов, І.Қабылов, Б.Алманов, Т.Жүргенов,  Қ.Жұбанов, М.Әуезов, С.Аманжолов сияқты қазақтың  ұлы тұлғаларымен бірге Ғ.Сәдвақасов, Т.Талипов, Ш.Баратов, Б.Әлахунова, М.Абдрахманов, Т.Әлаевтай  ұйғыр халқының  аяулы перзенттері еңбек еткен  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен  өзара әрекеттестік және ынтымақтастық  жөнінде меморандумға қол қойылды. 

        Екіжақты Келісім шарттарын  талқылауға қатысқан   «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Университеті», Филология және көптілді білім беру институты директоры бастаған бір топ оқытушылар мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасымен    танысқаннан соң жиналыс залында өздерінің жоспарларымен  бөлісті. 

    Осындай қызмет түрінің  Филология және көптілді білім беру институты, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы   мен №153 мектеп-гимназиясының ұйғыр тілі мен әдебиеті мамандары арасында ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік байланыс орнату, кәсіби және мәдени іс-әрекеттерді қолдау арқылы өзара түсіністік пен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту. Ұйғыр тілі мен әдебиетін тереңдете оқытуда ұйғыр халқының тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін құрметтеуге арналған бағдарламалар жасау. Тараптардың екі жағынан да ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық тудыратын екі жаққа ұтымды жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік беретініне тоқталған Филология және көптілді білім беру институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Таңжарықова Алуа Василийқызы меморандумның мақсатымен таныстырып өтті. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Гүлсім Халыққызы университеттің отыз жылдан астам уақыт ұйғыр мектептері үшін ұйғыр тілі мен әдебиет пәні мамандарын дайындап келгенін, бүгінгі жаһандану кезінде бұл мәселелер қайта қаралып, заман  сұранысына ие мамандықтармен кіріктіріліп, нәтижеде сегіз білім беру бағдарламасымен сапалы   мамандардың   дайындалып жатқанын, сонымен қатар бұл факультеттерде  оқып жатқан келешек педагогтармен  тіл ғылымы саласында елеулі еңбектері сіңген   оқытушы-профессорлар құрамы жұмыс істеп жатқандығы туралы айтты.

     Қол жеткізілген келісімдердің маңыздылығына тоқталған мектеп-гимназия  директоры   Умаров Шавкет Ниязович    перспективалық бағыттарды жүзеге асыруда өзара іс-қимылға дайын екендігін айтып, басқа пәндер қатарында    өткізіліп келген, бірақ кейінгі жылдары кейбір себептермен тоқтап қалған ұйғыр тілі мен әдебиеті  пәні   олимпиадасын  институт деңгейінде жандандыруды ұсынды. Ол осы  іс-шаралар арқылы  тараптар кәсіби бағдар жұмысын өз деңгейінде ұйымдастыруға мүмкіндік алатынына тоқталды . Сондай-ақ, екі мекеме арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары болып,  ғылыми-зерттеу жұмыстарды бірлесе  жүргізу   және оқу материалдары мен  басқа да ақпараттармен алмасу, қоғамдық-әлеуметтік байланыста басымдылыққа ие істер белгіленді. 

    Кездесу соңында естелік ретінде мектеп-гимназия тарапынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Университеттің  кітапханасына   Абдулла Розыбақиевтың 120 жылдық мерейтойына арналып шығарылған жинақ «Абдулла Розибақиев - 120», Махмұт  Қашқаридің «Түркий тиллар дивани» кітабы  және  «Ұйғырлар» атты энциклопедия тарту етілді. Қонақтар да мектеп мұражайына университеттің  аты жазылған арнайы кәдесыйын  сыйға тартты.


   11-май  2021-жили   А. Розибақиев намидики мәктәп-гимназия үчүн  новәттики тарихий  муһим күнләрниң бири болди. Чүнки бу күни  дөлитимиздики   дәсләпки билим ордиси болған, өз дәвридә   О.Жандосов, С.Асфендияров, А.Байтурсынов, С.Сейфуллин, Х.Досмухамедов, И.Қабылов, Б.Алманов, Т.Жүргенов,   Қ.Жубанов, М.Әуезов, С.Аманжолов  кәби қазақниң улуқ намайәндилири билән Ғ.Сәдвақасов, Т.Талипов, Ш.Баратов, Б.Әлахунова, М.Абдрахманов, Т.Әлаев  охшаш уйғур хәлқиниң көрнәклик зиялилири паалийәт елип барған Абай намидики  Қазақ Миллий  педагогикилиқ университети билән  һәмкарлиқ вә иттипақлиқ  һәққидә  меморандумға қол қоюлди. 

     Иккитәрәплимилик  шәртнамини имзалаш мәрасимиға қатнишиш үчүн кәлгән Абай намидики Қазақ миллий  педагогикилиқ   университети, Филология вә көп тиллиқ   билим бериш  институтиниң  мудири рәһбәрлигидики бир топ оқутқучилар  мәктәп-гимназияниң материаллиқ-техникилиқ жабдуқлиниши вә мәктәп нәпәси билән тонушқандин кейин мәжлис залида өз иш-режилири билән бөлүшти. 

Бу шәртнаминиң асасий мәхсити – Филология вә көптиллиқ  билим бериш институти, Шәриқ филологияси вә тәржимә кафедриси билән А. Розибақиев намидики №153-мәктәп-гимназиясиниң уйғур тили вә әдәбияти мутәхәссислири арисида илмий-методикилиқ вә әмәлий-тәжрибилик мунасивәт орнитиш;  кәспий вә мәдәний иш-һәрикәтләрни қоллап-қувәтләш арқилиқ   билим бериш саһасидики иттипақлиқни риважландуруштин ибарәт болди.   Шундақла уйғур тили вә әдәбиятини чоңқурлитип оқутушта  уйғур хәлқиниң тилини, әдәбиятини, тарихини, мәдәнийитини, урпи-адәтлирини һөрмәт қилишқа, риважландурушқа йүзләнгән программиларни ясаш. Һәр икки тәрәпниң иттипақлиқ һәмкарлишиши нәтижисидә һәрхил лайиһәләр вә программиларни әмәлгә ашуруш имканийити һәққидә тохталған Филология вә көптиллиқ  билим бериш институтиниң мудири, филология пәнлириниң  доктори, профессор  Таңжарықова Алуа Василийқизи Меморандумниң мәхсити билән тонуштуруп өтти.  Шәриқ филологияси вә тәржимә кафедрисиниң  башлиғи ф.п.н., доцент Гүлсим Халыққизи университетниң оттуз жилдин артуқ вақит уйғур мәктәплири үчүн уйғур тили вә әдәбияти мутәхәссислирини тәйярлап кәлгәнлигини, бүгүнки аләмшумуллаш дәвридә бу мәсилиләр тәкрар қарилип,  заман тәләп қиливатқан мутәхәссисликләр билән кириктүрүлгәнлиги һәм нәтижидә сәккиз билим бериш программиси асасида  сапалиқ мутәхәссисләрниң  тәйярлиниватқанлиғи һәққидә ейтип бәрди.  

Бу шәртнаминиң муһимлиғиға тохталған мәктәп-гимназия мудири Умаров Шавкәт Ниязоғли перспективлиқ йөнилишләрни әмәлгә ашурушта өзара иш-һәрикәткә тәйяр екәнлигини ейтип, башқа пәнләр қатарида өткүзүлүп келиватсиму, бу жили бәзи бир сәвәпләр билән тохтап қалған уйғур тили вә әдәбияти пәнлириниң олимпиадисини университет даирисидә жанландурушни тәвсийә қилди. Бу иш-чариләр арқилиқ икки тәрәпниң кәспий программа  ишини өз дәрижисидә уюштурушқа мүмкинчиликләрни қолға  кәлтүрүш йоллири һәққидә ейтип өтти. Шундақла, икки мәһкимә арисидики иттипақлиқниң асасий йөнилиши – илмий-тәтқиқат  ишлирини һәмкарлиқта жүргүзүш вә оқуш материаллири һәм   башқиму әхбаратлар билән алмишиш, ижтимаий-жәмийәтлик бағлиништики асасий ишлар бәлгүләнди.

Учришиш ахирида  икки тәрәпниң келишими билән шәртнамигә қол қоюлуп, мәктәп-гимназия тәрипидин Абай намидики Қазақ миллий  педагогикилиқ   университети китапханисиға «Абдулла Розибақиев - 120», Маһмут Қәшқәрийниң «Түркий тиллар дивани» китаплири һәм «Уйғурлар» намлиқ   энциклопедия соға қилинди. Меһманлар болса  мәктәп мирасгаһиға  университетниң  нами йезилған мәхсус соғини һәдийә қилди. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: