Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
26
май
2025

«Халықаралық бакалавриаттың жеке жобасы: мақсаттар, кезеңдер және отбасылық қолдаудың рөлі»

2025 жылғы 22 мамыр күні мектебімізде 5–9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Халықаралық бакалавриат бағдарламасындағы (IB MYP) маңызды кезеңдердің бірі — жеке жобаға қатысты ата-аналар жиналысы өтті.

Жеке жоба — бұл 9-сынып оқушысы жыл бойы әзірлейтін және жүзеге асыратын дербес зерттеу жұмысы. Бұл жоба оқушыларға академиялық біліммен қатар XXI ғасыр дағдыларын — жоспарлау, зерттеу, сыни ойлау, өзін-өзі бағалау және нәтижелерді таныстыру қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба MYP бағдарламасының қорытынды кезеңі болып табылады және оқушының жеке қызығушылығы мен құндылықтарын бейнелейді.

Жиналыс барысында MYP бағдарламасының үйлестірушісі ата-аналарға жобаның мақсаттары, құрылымы мен кезеңдері туралы толық ақпарат берді, сонымен қатар мектеп тарапынан көрсетілетін қолдау жолдары түсіндірілді. Ата-аналардың рөліне де ерекше назар аударылды — олардың қызығушылығы, моральдық қолдауы және баланың өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасау маңызды екені айтылды.

Кездесу кезінде өткен жылдардағы жобалардан мысалдар келтіріліп, ата-аналардың қызығушылығын тудырды. Олар өз сұрақтарын қойып, мұғалімдер мен тәлімгерлерден пайдалы кеңестер алды.

Мұндай кездесулер отбасы мен мектеп арасында өзара түсіністік орнатуға және оқушылардың дамуына серіктестік қатынас құруға көмектеседі. Қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!


22 мая 2025 года в нашей школе состоялось родительское собрание для родителей учащихся 5–9 классов, посвящённое одному из ключевых элементов программы Международного бакалавриата (IB MYP) — персональному проекту.

Персональный проект — это индивидуальное исследование, которое учащиеся 9 класса разрабатывают и реализуют в течение учебного года. Он помогает школьникам продемонстрировать не только академические знания, но и важные навыки 21 века: планирование, исследование, критическое мышление, самооценку и умение презентовать результаты своей работы. В рамках IB MYP этот проект является завершающим этапом программы и отражает личные интересы, ценности и цели ученика.

На собрании координатор MYP подробно рассказал родителям о целях, структуре и этапах проекта, а также о том, какую поддержку школа оказывает ученикам на каждом шаге. Особое внимание было уделено роли родителей — их вовлечённости, эмоциональной поддержке и создании условий для продуктивной самостоятельной работы ребёнка.

В ходе встречи прозвучали примеры тем проектов прошлых лет, которые вызвали живой интерес у участников. Родители также смогли задать вопросы и получить рекомендации от учителей и наставников, сопровождающих учащихся в этом процессе.

Такие встречи помогают создать общее понимание между семьёй и школой и выстраивают партнёрские отношения в обучении и развитии наших учеников. Благодарим всех родителей за активное участие и интерес к образовательному пути своих детей.


On May 22, 2025, our school hosted a parent meeting for families of students in grades 5–9, focused on one of the key components of the International Baccalaureate Middle Years Programme (IB MYP) — the Personal Project.

The Personal Project is an independent research endeavor that Grade 9 students plan and complete over the course of the school year. It allows students to demonstrate not only academic knowledge but also essential 21st-century skills such as planning, research, critical thinking, self-reflection, and presentation. Within the MYP, this project serves as a culminating experience, reflecting the student's personal interests, values, and aspirations.

During the meeting, the MYP coordinator provided parents with a detailed overview of the project's aims, structure, and timeline, as well as the support the school offers at each stage. Special attention was given to the role of parents — their involvement, emotional support, and the importance of creating a conducive environment for independent work.

The session featured examples of successful projects from previous years, which sparked active interest and questions from parents. They had the opportunity to engage with teachers and mentors, gaining practical tips on how best to support their children.

Events like this foster mutual understanding between families and the school and help strengthen our partnership in the educational journey. We thank all parents for their participation and ongoing engagement!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: