02
декабрь
2024
“Мектеп және отбасы: өзара ынтымақтастық қырлары”
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жоспарына сәйкес, “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жобасы аясында бүгін Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында “Мектеп және отбасы: өзара ынтымақтастық қырлары” тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы жиналыс өтті.
Жиналыстың шымылдығын оқушылар дайындаған әсерлі концерттік бағдарлама ашты. Сахна төрінен оқушылар өнер көрсетіп, ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұнан соң, №15 поликлиниканың білікті дәрігері Р.Ж. Жалалова вакцина жайлы маңызды ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, Джозаф Шех “Power Point” Британ мектебінің ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
Жиналыстың негізгі бөлімі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықтың мән-маңызын талқылауға арналды. Бұл бөлімде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С. Ражапова ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз байланыста жұмыс істеуінің қажеттілігіне тоқталды. Ал мектеп-гимназияның директоры Шавкет Умаров білім сапасы, мектептің материалдық-техникалық базасы туралы жан-жақты мәлімет беріп, балалар тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше екенін баса айтты. Директор ата-аналарға жауапкершілік жүгі тек мектепке жүктелмеуі тиіс екенін түсіндіріп, бала тәрбиесі отбасы мен мектептің бірлескен әрекеті арқылы жүзеге асатынын атап өтті.
Жиналыс соңында ата-аналар сыныптарға бөлініп, әр пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі жайында пікір алмасты.
В соответствии с планом программы «Біртұтас тәрбие» в рамках проекта «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» сегодня в школе-гимназии №153 имени Абдуллы Розыбакиева прошло общее собрание для родителей учащихся 5–11 классов на тему «Школа и семья: грани сотрудничества».
Собрание началось с яркой концертной программы, подготовленной учениками. Школьники продемонстрировали свои таланты, подарив родителям праздничное настроение. Затем врач 15-й поликлиники Р.Ж. Жалалова выступила с важной информацией о вакцинации, а Джозеф Шех рассказал о школе «Power Point» и её особенностях.
Основная часть собрания была посвящена значению сотрудничества между школой и родителями. Заместитель директора по воспитательной работе Г.С. Ражапова подчеркнула важность тесного взаимодействия родителей и педагогов. Директор школы-гимназии Шавкет Умаров рассказал о качестве образования, материально-технической базе школы и акцентировал внимание на важной роли родителей в воспитании детей. Он отметил, что нельзя перекладывать всю ответственность за воспитание только на школу, подчеркнув, что успех возможен только при совместных усилиях семьи и школы.
После собрания родители перешли в свои классы, где провели индивидуальные беседы с учителями-предметниками, обсудив успеваемость и поведение своих детей.


