02
апрель
2025
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Балалар кітапханасы” жобасының тиімді ұйымдастыру жолдары"
Көктемнің жылы лебіндей, көңілге шуақ шашқан игі шара Әуезов ауданы Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында өтті. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған тағылымды семинар “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, “Балалар кітапханасы” жобасының мәні мен маңызы кеңінен талқыланды.
Жиынның шымылдығы мектеп-гимназия директоры Ш.Н. Умаровтың жүрекжарды сөзімен түрілді. Ол білім мен тәрбиенің ажырамас егіз ұғым екенін айта келе, жас буынның рухани кемелденуіндегі кітапхананың орны ерекше екенін атап өтті. Оның сөзінен ұрпақ тәрбиесіне деген шынайы жанашырлық пен жауапкершілік айқын сезілді. Семинар барысында тәрбие ісі жөніндегі жетекші Ф.К. Рагипова “Балалар кітапханасы – рухани даму орталығы: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер” тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, мектеп қабырғасында қолға алынған тың жобалар жайында кеңінен сөз қозғады. Оның ізгі бастамаларды насихаттауы тыңдармандарға жаңа серпін беріп, оларды ойлы қадамдарға жетеледі.
Ал 4 “В” сыныбының жетекшісі С.Т. Тохтахунова “Балалар кітапханасы” жобасының сыныптағы жүзеге асырылу жолдары туралы әңгімелеп, шәкірттерінің кітап оқуға деген сүйіспеншілігін паш етті. Оқушылар дайындаған түрлі макеттер мен баяндамалар олардың шығармашылық ізденісінің айғағындай болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.А. Масимова оқушылардың кітапқа деген құштарлығын арттырудың жаңа әдістерімен бөлісіп, әрбір кітаптың баланың жан дүниесін байытатын қазына екенін ерекше атап өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тағы бір жанашыры, ұстаз Ф.Я. Имашева “Оқ пен оттың арасындағы тағдырлар: соғыс кітаптары арқылы өткенге саяхат” тақырыбында оқушылармен бірге буккроссинг ұйымдастырып, оларды тарихтың қатпарлы беттеріне сапар шектірді. Кітап арқылы өткенді зерделеп, оны жүрекпен сезінудің маңыздылығын ұғындырды.
Семинардың ең әсерлі сәті – жас өнерпаздардың қазақ, ұйғыр, орыс және ағылшын тілдерінде қойған “Мәңгілік алау: ерлік пен тағдыр” атты театрландырылған қойылымдары болды. Көрермендер тағдыр талқысын терең сезініп, жанарларына еріксіз жас алды. Сахнадағы әрбір кейіпкердің шынайы бейнесі жүректерге жол тауып, рухани сезімдерді тербеді.
Жиын соңында қонақтар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдірді. Тәрбие мен білімді сабақтастыра отырып, баланың жан дүниесіне сәуле түсіретін мұндай тағылымды кездесулердің маңызы зор екені тағы бір мәрте дәлелденді. Семинар жас ұрпақтың рухани кемелденуіне, болашаққа нық қадам басуына үлес қосатын игі бастамалардың бірі ретінде көкейде жылы әсер қалдырды.
В теплой и душевной атмосфере в школе-гимназии №153 имени Абдуллы Розыбакиева в Ауэзовском районе прошел познавательный семинар для заместителей директоров школ по воспитательной работе. Встреча была организована в рамках программы «Единое воспитание» и была посвящена эффективным путям реализации проекта «Детская библиотека». Открыл семинар директор школы-гимназии Ш.Н. Умаров, который в своей приветственной речи отметил, что образование и воспитание — неразрывные понятия. Он подчеркнул важную роль школьной библиотеки в духовном обогащении подрастающего поколения. В его словах звучала искренняя забота о молодежи и стремление воспитать достойных граждан. Затем с докладом «Детская библиотека — центр духовного развития: новые возможности и опыт» выступила руководитель воспитательной работы Ф.К. Рагипова. Она поделилась успешными инициативами, которые уже реализуются в школе, и рассказала о том, как библиотека может стать местом не только для чтения, но и для развития личности ребенка. Классный руководитель 4 «В» класса С.Т. Тохтахунова осветила роль педагогов в реализации проекта «Детская библиотека» и представила макеты и исследовательские работы учеников, вдохновленных прочитанными книгами. А учитель казахского языка и литературы Г.А. Масимова предложила методы повышения интереса детей к чтению, подчеркнув, что книга — это не просто источник знаний, но и ключ к духовному росту. Еще одна преподаватель казахского языка и литературы, Ф.Я. Имашева, провела буккроссинг на тему «Судьбы между огнем и пулями: путешествие в прошлое через книги о войне». Эта инициатива помогла учащимся глубже осознать исторические события и почувствовать их значение через литературные произведения. Одним из самых ярких моментов семинара стал театрализованный спектакль «Вечный огонь: подвиг и судьба», представленный на казахском, уйгурском, русском и английском языках. Юные актеры сумели передать всю глубину чувств и эмоций, тронув сердца зрителей до слез. В завершение мероприятия гости поделились своими впечатлениями и выразили благодарность организаторам. Они отметили важность таких воспитательных встреч, которые помогают не только привить детям любовь к книге, но и формируют их духовные ценности. Семинар оставил теплый след в душе каждого участника, став очередным шагом на пути к всестороннему развитию молодого поколения.
In a warm and inspiring atmosphere, an insightful seminar for deputy school principals for educational work was held at Abdulla Rozybakiyev School-Gymnasium No. 153 in the Auezov district. Organized within the framework of the “Unified Education” program, the meeting focused on effective ways to implement the “Children’s Library” project. The seminar was opened by the school’s principal, Sh.N. Umarov, who, in his heartfelt speech, emphasized that education and upbringing are inseparable concepts. He highlighted the crucial role of the school library in enriching the spiritual world of the younger generation. His words reflected a deep concern for the youth and a sincere commitment to raising worthy citizens. Next, F.K. Ragipova, head of educational work, delivered a presentation on “The Children’s Library as a Center for Spiritual Development: New Opportunities and Experiences.” She shared the successful initiatives being implemented in the school and discussed how the library could become not just a place for reading but a hub for personal growth. Class teacher of 4 “V” grade, S.T. Tokhtakhunova, spoke about the role of educators in implementing the “Children’s Library” project. She showcased models and research projects created by students, inspired by the books they had read. Meanwhile, Kazakh language and literature teacher G.A. Masimova introduced various methods to enhance students’ interest in reading, emphasizing that a book is not just a source of knowledge but a key to spiritual development. Another Kazakh language and literature teacher, F.Ya. Imasheva, organized a book-crossing event titled “Fates Between Fire and Bullets: A Journey into the Past Through War Books.” This initiative helped students gain a deeper understanding of historical events and feel their significance through literature. One of the most moving moments of the seminar was the theatrical performance “Eternal Flame: Heroism and Fate,” presented in Kazakh, Uyghur, Russian, and English. The young actors conveyed deep emotions and sentiments, touching the hearts of the audience and even bringing tears to their eyes. At the end of the event, guests shared their impressions and expressed their gratitude to the organizers. They emphasized the importance of such educational gatherings, which not only foster a love for reading but also shape students’ spiritual values. The seminar left a lasting impression on everyone, marking another step toward the comprehensive development of the younger generation.



