Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
26
март
2025

«Ата-анам – барым, бағым»

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасы аясында Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында 5 «Б» сыныбының оқушылары сынып жетекшісі А.Т.Смолиновамен бірлікте «Ата-анам – барым, бағым» атты мерекелік кеш ұйымдастырып, асыл жандарын қонаққа шақырды.
Кеш барысында балалар жүректен шыққан жыр шумақтарын оқып, мың бұрала би билеп, аналарына деген құрметі мен алғысын өнер арқылы жеткізді. Сонымен қатар, өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын тарту етіп, қуаныш сыйлады. Бұл тағылымды шара оқушыларға ананың қоғамдағы, отбасындағы орнын терең ұғындырып, оларға алғыс айтудың маңызын сезіндірді. Осындай жүрекке жылу сыйлайтын кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

В гимназии №153 имени Абдуллы Розыбакиева учащиеся 5 «Б» класса вместе с классным руководителем А.Т. Смолиновой организовали праздничный вечер «Мои родители – мое богатство, моя гордость» и пригласили на него своих дорогих мам. В ходе мероприятия дети читали проникновенные стихи, исполняли зажигательные танцы и выражали свою любовь и благодарность через творчество. Кроме того, они подарили мамам собственноручно изготовленные подарки, доставив им радость и тепло. Этот значимый вечер помог ученикам глубже осознать роль матери в семье и обществе, а также понять важность выражения благодарности. Такие душевные встречи, безусловно, будут продолжаться и в будущем.

At the Abdulla Rozybakiev Gymnasium No. 153, the students of class 5B, together with their homeroom teacher A.T. Smolinova, organized a festive event titled “My Parents – My Treasure, My Pride” and invited their beloved mothers as honored guests.
During the celebration, the children recited heartfelt poems, performed lively dances, and expressed their love and gratitude through creative performances. They also presented handmade gifts to their mothers, bringing them joy and warmth.
This meaningful event helped the students gain a deeper understanding of the role of mothers in the family and society, as well as the importance of expressing appreciation. Such heartfelt gatherings will undoubtedly continue in the future.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: