Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
12
март
2025

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Ана – бағбан, жүрегі – дария, мейірімі – гүл
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасы аясында Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше мерекелік кездесу өтті. Бұл шараға 4 «А» сынып оқушылары өз аналарын қонаққа шақырып, шынайы құрметтері мен алғыстарын білдірді.
Мерекелік кеш барысында бүлдіршіндер жүректерінен шыққан жылы лебіздерін өлең шумақтары арқылы жеткізіп, әсерлі қойылымдар қойды. Сондай-ақ, өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын тарту етіп, аналарына ерекше қуаныш сыйлады.
Бұл игі шара аналарға деген риясыз сүйіспеншілік пен құрметті білдіретін тағылымды кездесу болды. Оқушылар өз өнерлері арқылы аналардың қоғамдағы, отбасындағы маңызын терең түсініп, олардың мейіріміне алғыс айтудың мәнін сезінді. Осындай жүрекке жылу ұялатар кездесулер әлі де жалғасын табары сөзсіз.
В рамках программы «Единое воспитание» и проекта «Центр педагогической поддержки родителей» в школе-гимназии №153 имени Абдуллы Розыбакиева состоялась праздничная встреча учеников 4 «А» класса с их мамами, посвящённая Международному женскому дню.
Школьники подготовили для своих мам тёплые поздравления: читали стихи, разыгрывали сценки и вручали подарки, сделанные своими руками. Атмосфера праздника была наполнена искренностью, теплотой и благодарностью.
Это мероприятие стало выражением любви и уважения к матерям, напомнив о важности семейных ценностей. Встреча оставила приятные воспоминания у всех участников и подчеркнула значимость подобных традиций.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: