Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
17
март
2025

Мейірім мен сұлулық мерекесі

Мейірім мен сұлулық мерекесі

Көктемнің шуақты күндерімен қатар келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жыл сайын ерекше көңіл-күймен аталып өтетін айтулы мерекелердің бірі. Бұл күн – аналардың, арулардың, аяулы ұстаздардың, қызғалдақтай құлпырған қыздардың мерейін асырып, оларды құрметтеуге арналған мейрам. Осы мерекеге орай А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі басқару» ұйымының бастамасымен салтанатты концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кештің шымылдығын 7-сынып оқушылары «Уссул пәдиси» сазды композициясымен ашып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әсем ән мен мың бұралған бидің үйлесімі концерттің шырайын кіргізді. Абдулжанова Амина жүрекке жылы тиер «Ата-ана» әнін орындап, тыңдарманын тебірентсе, «Хуш Нава» ансамблі «Меһриван ана» әнімен сахнаға шықты. Сондай-ақ, «Баһар» би ансамблі «Ойна-ойна» биімен мерекелік кештің сәнін келтірсе, «Туран» ансамблі «Көңіліңді алай» әнін орындап, тыңдармандарын қуантты. «Тәлки тағлири» сазды шығармасы да кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлады. Концерт барысында Наиля мен Умида «Ақ ләйлі» биімен сахна көркін қыздырса, Омардажов Арафат үнді биімен көрермендерді таңғалдырды. 11 «А» сынып оқушылары әзіл қойылым қойып, кешке күлкі мен шаттық сыйлады. Ал Омаржанов Арафат пен Абдулжанова Амина орындаған ләпәр – ұлттық өнердің шынайы көрінісі болды. Сахна төрінде Мусутов Нурихсанның «Балихан» биі, «Юлтузлар» ансамблінің орындауындағы «Мама» әні, 10 «В» сынып қыздарының «Көзи хумарим» биі көрермендердің қошеметіне бөленді.
Салтанатты шара соңында мектеп-гимназия директоры Умаров Ш.н. барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен еңбегіне ерекше құрмет білдірді.
Бұл кеш – тек өнер мерекесі ғана емес, оқушылардың ұстаздарына, аналарға, барша әйелдер қауымына деген шынайы ықыласы мен алғысын жеткізген жүрекжарды сыйы болды. Осылайша, мектеп ұжымы көктеммен бірге келген шуақты мерекені жылулыққа, мейірімге толы ерекше кешпен қарсы алды.

Праздник весны, красоты и уважения

8 Марта – Международный женский день, символизирующий уважение и признательность женщинам за их неоценимый вклад в общество, семью и воспитание молодого поколения. В этот день принято чествовать матерей, учителей, коллег, всех женщин, чья доброта, забота и труд делают мир светлее и лучше.

В преддверии праздника в школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева состоялся торжественный концерт, организованный активистами ученического самоуправления. Основной целью мероприятия стало выражение благодарности и уважения женщинам, а также развитие у подрастающего поколения традиционных ценностей – почтения к матери, педагогу, женщине. Праздничный вечер открылся музыкальной композицией «Уссул пәдиcи» в исполнении учащихся 7-х классов. Продолжением концерта стали яркие вокальные и хореографические номера: Абдулжанова Амина проникновенно исполнила песню «Ата-ана», ансамбль «Хуш Нава» представил композицию «Меһриван ана», а танцевальный ансамбль «Баһар» порадовал зрителей зажигательным танцем «Ойна-ойна». Сцену также украсили выступления ансамбля «Туран» с песней «Көңіліңді алай» и музыкальной композицией «Тәлки тағлири». Восторг зрителей вызвали элегантный танец «Ақ ләйлі» в исполнении Наили и Умиды, индийский танец Омардажова Арафата, а также веселая сценка, подготовленная учащимися 11 «А» класса. Традиционный народный жанр «ләпәр» представили Омаржанов Арафат и Абдулжанова Амина.
Танцевальный номер «Балихан» в исполнении Мусутова Нурихсана, песня «Мама» от ансамбля «Юлтузлар» и танец «Көзи хумарим», представленный девушками 10 «В» класса, стали достойным завершением концертной программы.
В завершение вечера директор школы-гимназии Ш.н. Умаров поздравил всех женщин с праздником, пожелав здоровья, счастья и семейного благополучия. Мероприятие оставило теплые воспоминания и еще раз напомнило о важности уважения и благодарности к прекрасной половине человечества.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: