12
март
2025
«Сүйкімді ару»
«Сүйкімді ару» байқауы
А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында мектепалды даярлық топтарының ұйымдастыруымен жас бүлдіршіндерге арналған «Сүйкімді ару» байқауы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әдептілік пен сыпайылыққа, кішіпейілділік пен өнерге жақын нәзік жандыларды тәрбиелеу, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауға 0 «А» сыныбынан Сабитова Мариям мен Марсжанова Сурия, 0 «Б» сыныбынан Абдухелилова Ильзара мен Махмутжанова Сафия, 0 «В» сыныбынан Дианова Сафия мен Якубова Ханифа, 0 «Г» сыныбынан Бахтиярова Латифа мен Зикрияева Амина қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың әділ бағасын қазылар алқасы – Рахимова Замира мен Нурахунова Урият берді.
Сайыс бес кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, көрермендерге есімдерін паш етті. Екінші кезең – «Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімінде бүлдіршіндер ән салып, би билеп, мәнерлеп өлең оқып, өздерінің өнерлі екенін көрсетті. «Қыздарға әдемілік жарасады» атты үшінші кезеңде арулар сән көрсетіп, сахнада ерекше сән-салтанатымен жүріп өтті. Төртінші «Кім епті?» кезеңінде қатысушылар өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынаса, соңғы «Шебер қыз» бөлімінде шаш өру өнерін көрсетіп, өздерінің қолөнерге жақын екендерін дәлелдеді.
Әділқазылардың әділ шешімімен әр бүлдіршін түрлі номинация бойынша марапатталды. Бірі «Өнерпаз қыз» атанса, енді бірі «Сүйкімді қыз», «Әдемі қыз», «Білімді қыз», «Ақылды қыз», «Сымбатты қыз», «Тапқыр қыз», «Шебер қыз» сынды атақтарға ие болды.
«Сүйкімді ару» байқауы кішкентай қыздардың бойында сұлулық пен әдептілік, шеберлік пен өнерге деген сүйіспеншілік ұялатқан тамаша іс-шара болды. Қатысушылар өз қабілеттерін шыңдап қана қоймай, сахна мәдениетін меңгеріп, үлкен тәжірибе жинақтады. Осындай тағылымды іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табарына сеніміміз мол.
В школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева среди подготовительных групп прошёл конкурс «Очаровательная девушка», посвящённый юным талантам. Цель мероприятия – воспитание девочек в духе вежливости, скромности, изящества и любви к искусству, а также развитие их творческих способностей.
Вконкурсе приняли участие: Сабитова Мариям и Марсжанова Сурия (0 «А» класс), Абдухелилова Ильзара и Махмутжанова Сафия (0 «Б» класс), Дианова Сафия и Якубова Ханифа (0 «В» класс), Бахтиярова Латифа и Зикрияева Амина (0 «Г» класс). Оценивало конкурсанток жюри в составе Рахимовой Замиры и Нурахуновой Урият.
Соревнование состояло из пяти этапов. В первом туре участницы представили себя и познакомились с публикой. Во втором – «Многогранная личность» – девочки продемонстрировали свои таланты: пели, танцевали, читали стихи. Третий этап, «Красота девушкам к лицу», был посвящён модному дефиле. Четвёртый – «Кто ловчее?» – проверял их сноровку и быстроту. В заключительном этапе, «Мастерица», конкурсантки показали навыки плетения кос.
По итогам конкурса каждая девочка была удостоена особого титула: «Талантливая», «Очаровательная», «Красивая», «Образованная», «Умная», «Грациозная», «Находчивая» и «Умелая девушка».
Конкурс «Очаровательная девушка» стал ярким и запоминающимся событием, воспитывающим в детях чувство красоты, элегантности и трудолюбия. Участницы не только раскрыли свои таланты, но и приобрели ценный опыт выступления на сцене. Подобные мероприятия непременно будут продолжены и в будущем!
