Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
12
февраль
2025

«Ертегілер еліне саяхат»

«Ертегілер еліне саяхат» 
2025 жылдың 30 қаңтар күні қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ф.Имашева, А.Курвановалар 4 «Б», «В», «Г» сынып жетекшілерінің және оқушыларының қатысуымен «Ертегілер еліне саяхат» атты шығармашылық сайыс ұйымдастырды. 
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ халық ертегілеріне деген қызығушылығын арттыру, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сайыс барысында әр сынып өз ертегісін сахналап, кейіпкерлерді шебер сомдады. Сонымен қатар, оқушылар ертегілерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтарын көрсетті. Қазылар алқасы балалардың өнеріне жоғары баға берді.
Іс-шара соңында жеңімпаздар «Үздік қойылым», «Ең әсерлі кейіпкер», «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Бұл сайыс оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, ертегілер әлеміне қызықты сапар жасауға мүмкіндік берді.
«Путешествие в страну сказок»
30 января 2025 года учителя казахского языка Ф. Имашева и А. Курванова организовали творческий конкурс «Путешествие в страну сказок» с участием классных руководителей и учащихся 4 «Б», «В» и «Г» классов.
Целью данного мероприятия было повышение интереса учащихся к казахским народным сказкам, развитие навыков выразительной речи и творческих способностей.
В ходе конкурса каждый класс инсценировал свою сказку, мастерски воплотив образы персонажей. Кроме того, ученики отвечали на вопросы по сказкам, демонстрируя свою находчивость. Жюри высоко оценило выступления детей.
В завершение мероприятия победители были награждены в номинациях «Лучший спектакль», «Самый выразительный персонаж» и «Приз зрительских симпатий». Всем участникам вручили благодарственные письма и подарки.
Этот конкурс подарил детям незабываемые впечатления и позволил совершить увлекательное путешествие в мир сказок.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: