25
ноябрь
2024
Құттықтаймыз!!
“ Мемлекеттік тіл - менің тілім” жобасының аясында А. Розыбақиев атындағы 153 мектеп-гимназиясында
3-4 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілдің маңызын арттыру, қазақ халқының бай мұрасын, оның ішінде мақал-мәтелдерді дәріптеу арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Тіл - мәдениеттің кілті" атты мақал-мәтел сайысы өтті.
Оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру, халық даналығының алтын қазығы саналатын мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, ұжымдық жұмыстарда және достық қарым-қатынастарында анық көрінген бұл сайыс жоғары деңгейде өтті.
Сайыс соңында жеңімпаз топ және де қалған барлық топтар марапатталды. Тілдің байлығын ұғынуға, мәдени деңгейін арттыруға бағытталған бұл іс-шараның соңы керемет әндерге жалғасты.
В рамках проекта «Государственный язык — мой язык» в школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева среди учащихся 3–4 классов состоялся конкурс пословиц и поговорок под названием «Язык — ключ к культуре». Основной целью мероприятия было повышение значимости государственного языка, формирование культуры речи через пропаганду богатого наследия казахского народа, в том числе пословиц и поговорок.
Этот конкурс, направленный на развитие навыков свободного общения на казахском языке, понимание смысла пословиц и поговорок, считающихся золотым фондом народной мудрости, а также укрепление командной работы и дружеских взаимоотношений, прошел на высоком уровне.
По итогам конкурса победившая команда, как и остальные участники, была награждена. Завершилось мероприятие, направленное на осознание богатства языка и повышение уровня культуры, замечательными песнями.
Birtutas Tarbie#біртұтастәрбие





