Ерекше кездесу
Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында ерекше кездесу өтті. Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының өкілдері 9 және 11-сынып оқушыларымен жүздесіп, шығармашылық жол, өнердің қыр-сыры туралы әңгіме өрбітті. Театрдың көркемдік жетекшісі Фархадбек Канафин, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Гүлбахар Насирова, “Нава” ансамблінің жетекшісі Ниязжан Тұрсынов және бас балетмейстер Ажарбуви Халимова жас ұрпаққа театр әлемінің сырын