03
февраль
2025
“Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі”
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында А. Розыбақиев атындағы 153 мектеп-гимназиясында “Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
1. Демократиялық құндылықтарды қалыптастыру, оқушылардың
құқықтық сана-сезімі мен электоралдық мәдениетін арттыру;
2. Оқушыларды сайлаудың демократияның жұмыс істеуіне әсері
туралы ақпараттандыру;
3. Оқушылар арасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.




