12
февраль
2025
«Ауғанстан – біздің жадымыз бен азабымыз»
Ауған соғысы – жүректерде қалған жара
2025 жылдың 11 ақпанында А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында «Ауғанстан – біздің жадымыз бен азабымыз» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті. Бұл күн – тарих беттеріне қанмен жазылған, талай жас боздақтың тағдырын тәлкекке салған соғыс жылдарын еске алу сәті.
Ауған жеріндегі он жылға созылған соғыс талай қазақ жауынгерінің өмірін қиды. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жас сарбаздардың біразы туған жеріне оралмады, ал тірі келгендерінің жан жарасы жазылмастай болып қалды. Сол бір ауыр жылдардың куәгерлері үшін Ауғанстан – өткеннің қасіретті беті ғана емес, жүректерінде мәңгі сақталар естелік.
Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Анацкий Владимир Григорьевич, Танабаев Алтынбек Нурманович, Атаканов Алик Атыканович, Жангазиев Арман Мухтарович және Гильдеев Наиль Ибраевич арнайы шақырылды. Олар оқушыларға өздерінің естеліктерімен бөлісіп, сол бір сұрапыл кезеңнің ауыртпалығын еске алды. Сондай-ақ, «Достық» шағын ауданынан майданға аттанған жауынгерлер – Ушурбакиев Шакир, Мердинов Аппас, Александр Кислов, Сергей Кислов, Рузиев Анвар, Дурсунов Мардали, Айсавдун Науметов және тағы басқа азаматтар бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Шара барысында оқушылар жауынгерлерге арнап жүрек тебірентерлік өлеңдер оқып, соғыс пен бейбітшілік тақырыбындағы әндерді орындады. Кеш соңында «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Анацкий Владимир Григорьевич пен Атаканов Алик Атыканович сөз алып, жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін білуді аманат етті.
Иә, соғыс аяқталғанымен, оның қалдырған ізі ешқашан өшпек емес. Қан майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімі – мәңгілік, ал аман оралған ардагерлерге құрмет көрсету – біз үшін қасиетті парыз.
Афганская война – рана в сердцах
11 февраля 2025 года в школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева состоялось военно-патриотическое мероприятие под названием «Афганистан – наша память и боль». Этот день стал напоминанием о тех трагических страницах истории, когда молодые солдаты уходили на войну, которая оставила глубокий след в судьбах многих семей.
Десятилетняя война в Афганистане унесла жизни тысяч юношей. Многие из них не вернулись домой, а вернувшиеся навсегда сохранили в душе шрамы той страшной войны. Для них Афганистан – это не просто прошлое, а незаживающая рана, память о потерянных друзьях и пережитых испытаниях.
На мероприятие были приглашены ветераны Афганской войны: Владимир Григорьевич Анацкий, Алтынбек Нурманович Танабаев, Алик Атыканович Атаканов, Арман Мухтарович Жангазиев и Наиль Ибраевич Гильдеев.Также почтили минутой молчания память воинов, отправившихся на фронт из микрорайона «Достык»: Шакира Ушурбакеева, Аппаса Мердинова, Александра Кислова, Сергея Кислова, Анвара Рузиева, Мардали Дурсунова, Айсавдуна Науметова и других.
В ходе мероприятия учащиеся читали проникновенные стихи, исполняли песни о войне и мире, отдавая дань уважения мужеству интернационалистов. В завершение вечера слово взяли кавалер ордена «Красная звезда» Владимир Григорьевич Анацкий и Алик Атыканович Атаканов, призвав молодежь беречь мир и ценить спокойную жизнь.
Война закончилась, но память о ней остается. Герои, павшие на поле боя, навсегда останутся в истории, а чествование тех, кто вернулся, – наш священный долг.