04
ноябрь
2024
Ұлттық мереке - Республика күні құтты болсын!
Ұлттық мереке - Республика күні құтты болсын!
Бұл күн - ел егемендігінің алтын қазығы, бабалар аңсаған азаттықтың символы. Оны кадірлеу, насихаттау және жас ұрпаққа жеткізу - әр отандасымыздың қастерлі парызы.
А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияда Республика күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. 8"А" және 9"А" сыныптары тарапынан дайындалған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. 5"Б" сынып оқушыларының "Қазақстан балалары" хоры, "Бахар" би тобының "Яришипту допиңиз" биі, 9"А" сыныбының "Қазақстан" хоры тыңдаушылардың жүрегіне жол тауып, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандырды.
Іс-шараның маңызды кезеңі — оқушылардың Жас Ұлан ұйымына қабылдануы болды. Салтанатты түрде ант қабылдап, әрбір жаңа мүшенің Отанға адал қызмет етуге, патриоттық рухты сақтауға және еліміздің болашағына үлес қосуға міндеттенуі ерекше әсер қалдырды.
Барлық қатысушылар үшін бұл күн ұмытылмас сәттермен есте қалды. Республика күні бізді біріктіріп, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін нығайтуға жаңа серпін берді.
Национальный праздник – День Республики, поздравляем!
Этот день – золотая основа нашей независимости, символ долгожданной свободы, о которой мечтали предки. Чтить его, распространять знания о нем и передавать новым поколениям – священный долг каждого гражданина.
В гимназии №153 имени А. Розыбакиева ко Дню Республики была организована торжественная программа. Праздничное мероприятие, подготовленное учащимися 8”А” и 9”А” классов, прошло на высоком уровне. Хор “Дети Казахстана” в исполнении 5”Б” класса, танец “Яришипту допиңиз” группы “Бахар” и хор “Казахстан” 9”А” класса тронули слушателей и добавили празднику особую атмосферу.
Важным моментом мероприятия стало принятие учащихся в ряды организации “Жас Улан”. Торжественно приняв присягу, каждый новый член обязался преданно служить Родине, сохранять патриотический дух и вносить вклад в будущее страны. Это произвело незабываемое впечатление.
Этот день останется в памяти всех участников яркими моментами. День Республики объединяет нас и придает новый импульс для укрепления независимости и единства нашего государства.