«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы жүлдегерлері » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы жүлдегерлері
18
март
2024

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы жүлдегерлері

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы жүлдегерлері
       Наурыз айының  12-сі Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты  жастарды анықтау  және қолдау  жөніндегі  орталығы  Қазақстан Республикасы  министрлігі  Орта білім  беру  комитеті хатының негізінде жыл сайын «Білім инновация» халықаралық  қоғамдық қоры тарапынан  ұйымдастырылып  отыратын  «Жарқын болашақ» атты республикалық  қазақ тілі олимпиадасының жұмысын бастады. Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Әуезов ауданының оқушылары үшін олимпиаданың аудандық кезеңі   №119 мектеп-лицейінде өтіп, сайыстың бес бағыты бойынша  А. Розыбақиев атындағы № 153 мектеп- гимназиясынан бес  оқушы қатысты. Оқушылардың бәрі де жүлделі  орындарға ие болып, ұстаздарын қуантты. Яғни, «Бейнелеушілер» бағытына қатысқан  Асимова Малика  3-орын, «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Дуганова Дилинура 2-орын алды, «Әнші бұлбұлдарға» Мирғиясова Аиша, «Сөз шеберлеріне» Даулов Рафкат , «Жас қаламгерге» Асимова Розилям   қатысып, 1-орындарды жеңіп алып, қалалық кезеңге жолдама алды. Олимпиаданың қалалық кезеңі де көп күттірген жоқ, 16 наурыз күні  Алматы қыздар лицей-интернатында өткізіліп, Миргиясова Аиша сертификат алу мәртебесіне ие болса, Даулов Рафкат пен Асимова Розилям бас жүлдені иеленді. Оқушыларға олимпиаданың Республикалық кезеңінде өз бақтарын сынауға жол ашылды. Дарынды да, талантты оқушыларымызға  сәттілік тілеп, ұстаздары Сихимбаева Махмуда Мұбашарқызына, Турғанова Назира Мухидинова, Мурадуллаева Айгүл Насырдиновна, , Масимова Гульзарям Сайдахметовна, Азизова Гульзабар Кутсуновналарға және  аудандық «Қадыр  оқуына» жүлдегер оқушы (Сеитова Гульминям) дайындағаны үшін Көпбаева Мереке Игеновнаға алғысымыз зор.

                 Призеры Олимпиады казахского языка " Жарқын болашақ»
       12 марта Центр по выявлению и поддержке одаренных детей и талантливой молодежи «Алматы дарыны» управления образования города Алматы на основании письма комитета среднего образования Министерства Республики Казахстан начал работу республиканской олимпиады по казахскому языку «Жарқын болашақ», которая ежегодно проводится Международным общественным фондом «Білім инновация». Олимпиада состоит из трех этапов. Районный этап олимпиады для учащихся Ауэзовского района прошел в школе-лицее №119, и из школы-гимназии № 153 имени А.Розыбакиева приняли участия пять учащихся. Все ученики заняли призовые места . То есть, Азимова Малика по направлению «Изобразители» заняла 3-е место, Дуганова Дилинура по направлению «Білгірлер бәйгесі» заняла 2-е место, Миргиясова Аиша по направлению «Певцы соловьи», Даулов Рафкат по направлению «Мастера слов», Азимова Розилям по направлению «Жас каламгер» заняли 1-е место и получили путевку в городской этап. Городской этап олимпиады также не заставил себя долго ждать, 16 марта в Алматинском лицее-интернате для девочек Миргиясова Аиша получила статус обладателя сертификата, Даулов Рафкат и Азимова Розилям получили Гран-при. Теперь наши победители примут участие в заключительном этапе олимпиады. Желая успехов нашим одаренным и талантливым ученикам, благодарим педагогов Сихимбаеву Махмуда Мубашаровну, Турганову Назиру Мухидиновну, Мурадуллаеву Айгуль Насирдиновну, Масимову Гульзарям Сайдахметовну, Азизову Гульзабар Кутсуновну и Копбаеву Мереке Игеновну за подготовку призера районного «Кадырского чтения» (Сеитовой Гульминьям).








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: