Білімнің биік-биік шыңдарын бағындыра берулеірізге тілектеспіз » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » Білімнің биік-биік шыңдарын бағындыра берулеірізге тілектеспіз
26
апрель
2022

Білімнің биік-биік шыңдарын бағындыра берулеірізге тілектеспіз

         Almatydaryny  өзінің Instagram  бетінде Алматы қаласының қоржыны жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген республикалық олимпиаданың   нәтижесінде 86 медальға толыққаны туралы жазады. Медальдардың 16-ы алтын болса, 26-ы күміс, 44-і бронза екендігі көрсетіледі. Осы алтын медальдардың біреуі біздің мектеп оқушысының еңбегі екенін мақтан етеміз. Нақтылап айтқанда, қаңтар айында басталып  наурыз, сәуір  айларында жалғасқан жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңдеріне қатысып, жүлделі бірінші орынға ие  болған А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының 10 –сынып оқушысы Сарсембаева Паризат енді республикалық олимпиаданың ақтық  кезеңінде де бірінші орын алу мәртебесіне ие болды. Ол қазақ тілі пәні бойынша 2 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындауда білімін жоғары деңгейде  көрсете алды.Шәкіртіне  бағыт-бағдар беріп, жоғары жетістіктерге жетуіне тікелей қатысқан жетекшісі,  мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сихимбаева Махмуда Мұбашаровна   мен Паризатқа білімнің биік-биік  шыңдарын бағындыра  беруіне тілектеспіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: