А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі кафедрасы мұғалімдерінің «Тілдер мерекесіне» арналған онкүндікте атқарған іс-шараларының (онлайн) есебі 2020-2021 оқу жылы » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » » А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі кафедрасы мұғалімдерінің «Тілдер мерекесіне» арналған онкүндікте атқарған іс-шараларының (онлайн) есебі 2020-2021 оқу жылы
03
ноябрь
2020

А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі кафедрасы мұғалімдерінің «Тілдер мерекесіне» арналған онкүндікте атқарған іс-шараларының (онлайн) есебі 2020-2021 оқу жылы


А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияның  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мұғалімдері «Тілге құрмет – елге құрмет» атты  «Тілдер мерекесіне» арналған онкүндікте іс-шараларды жоспарыланған жоспар бойынша (онлайн) өткізді. Мұғалімдер сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізді. Онкүндік үстіміздегі жылдың 15 кыркүйек пен 28 қыркүйек аралығында өтті.


Р№

Іс-шаралар

Жауапты мұғалім

Сынып

Өтілетін мерзімі 

Өтілетін орны

1

«Тіл татаулық тірегі» суретер сайысы

Рахимова З.М.

Нурахунова У.

 1-4-сыныптар

15.09. 


онлайн

2

 «Ана тілім – дана тілім» эссе сайысы  

Орынбасарова Т.Ө.

Мурадуллаева А.Н.

5-8- сыныптар


17.09. 

онлайн

Масимова Г.А.

Сихимбаева М.М.

Жалилова М.Л.

9-11-сыныптар

3

Мәнерлеп оқу сайысы 

«Тілге құрмет- елге құрмет»

Рахимова P.М.

Реймбаева Ж.

1-4-сыныптар

18.09.

онлайн

Имашева Ф.Я.

Исаева Ұ.Ә

5-8-сыныптар

онлайн

Масимова Г.А.

Сихимбаева М.М.

9-11-сыныптар

онлайн

4

«Кім жылдам ?» викторина сайысы

Имашева Ф

Нурахунова У.


5-сыныптар

19.09.


онлайн

5

Ғылыми конференцияға баяндама «М.Қашари «Диуани лұғат ат-түрк»

Масимова Г.А.

Сихимбаева М.М.

8-11-сыныптар

22.09. 

онлайн

6

 «Қазақ тілінің білгірі» сайысы

Мурадуллаева А.Н.

Орынбасарова ТӨ.


7-сыныптар

23.09.

онлайн

7

Дебат

Жалилова М.Л.

Исаева Ұ.Ә.

10-11-сыныптар

24.09.

онлайн

8

 Буккроссинг

Турганова Н.М.

Ахметова А.

5-11-сыныптар


25.09.

онлайн

Онкүндіктің мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, сөйлеу әрекеттерін, танымдық қызығушылықтарын арттыру.       

15.09.  «Тіл татаулық тірегі» суретер сайысын З.М. Рахимова мен У.Нурахунова 1-4-сынып оқушылары арасында өткізді. Балдырғандардың суреттері бағаланып, мараптталды.

  17.09. «Ана тілім – дана тілім» эссе сайысы 5-11-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.  Осы сыныптарға сабақ беретін  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқушылардан эссе жұмыстарын қабылдап, тексеріп, өз бағаларын қойды. 

18.09. «Тілге құрмет- елге құрмет» атты мәнерлеп оқу сайысында 1-4-сынып және 5-10-сынып оқушылары белсенділік танытты.  Ұстаздар: Исаева Ұ., Рахимова З., Сихимбаева М., Имашева Ф., А. Мурадуллаевалар өз оқушыларын қатыстырды.   Оқушылар өлеңді  мәнерлелеп оқи алды. Жақсы оқыған оқушылар марапатталды.

19.09. Имашева Фариза  5-сынып оқушылары арасында «Кім жылдам ?» викторина сайысын өткізді.Оқушылар интеллектуалды  сайыс барысында сұрақтарға жауап беруде, логикалық ойлауға берілген тапсырмаларды орындауда  белсенділік танытты.


25.09. Турганова Назира 2-4-сыныптар, 5-9-сынып оқушылары арасында буккроссинг өткізді. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптары бойынша алған әсерлерімен, көзқарастарымен  ой бөлісіп, басқа оқушыларға оқуға ұсыныс жасады.

 Сондай-ақ, жоспарланған жоспар бойынша М.Қашаридің өмірі мен  «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі бойынша  ғылыми конференция  болды. А.Масимова мен  М.Сихимбаеваның оқушылары қатысып, өздерінің зерттеген жұмыстарын қорғап, ғалымның өмірі туралы  баяндама жасады. Бұл конференцияға ұйғыр тілі кафедрасының мұғалімдері  Г.Илямова мен И.Сидикованың дайындаған оқушылары да қатысып, өз ана тілдері- ұйғыр тілінде баяндама жасады, ғылыми жобаларын қорғады.

 Онкүндікте белгілі бір себептермен мұғалімдердің (Т.Орынбасарова мен А.Мурадуллаеваның, М.Жалилованың) жоспарлаған «Қазақ тілінің білгірі» сайысы мен дебат сайысы  өткізілмей қалды. Мұғалімдер өз түсініктемелерін берді.

Осы жоспар бойынша  онкүндікте атқарылған іс-шараға  қатысқан   барлық оқушыларға  ұстаздар өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Белсенділік танытқан  оқушылар марапатталды.




Кафедра меңгерушісі: Сихимбаева М.М.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: