Депутаттармен кездесу » Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа - гимназия №153 имени. А.Розыбакиева» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
02
июнь
2022

Депутаттармен кездесу

2022 жылғы 30 мамырда А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қасымов Ерболат Болатұлы мектептің басшылығымен және оқытушылар құрамымен кездесуі өтті. Депутаттармен бірге кездесуге Алматы қаласы Әуезов аудандық филиалының "AMANAT "Партиясы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы Ордабаева Найля Алтынбекқызы келді.
        Іс-шара барысында алдағы республикалық референдумның мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы қатысушыларға ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
         Негізгі сұрақтан кейін гимназия қонақтары, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты педагогикалық ұжымның қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Мысалы, зейнетақы реформасы және тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтар. Кездесу соңында қонақтар мен мектеп ұжымы А.Розыбақиевтің бюсті жанында естелік суретке түсті.













Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: