13.03.2021ж А. Розыбақиев атындағы №153-мектеп – гимназияның 9-11- сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
13.03.2021ж А. Розыбақиев атындағы №153-мектеп – гимназияның 9-11- сынып оқушыларының ата-аналарымен оқу барысында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, «мектеп-ата-ана» байланыстарының кері әсер етуіне байланысты педагогикалық-психологиялық мәселелерде ата-аналарға көмек көрсету мақсатында «Директорлық сенбі – ата-аналар дауысы» тақырыбында қашықтықтан (Zoom платформасында) жиналыс өткізілді.
Жүзге жуық ата-анамен болған жиналысты алдымен мектеп-гимназия директоры Ш.Н.Умаров кіріспе сөзімен бастады.
Директордың оқу істері бойынша орынбасары А.Аскарова «Мектептегі бағдарлы білім беру және оның ерекшеліктері», «Білім берудегі бейінді бағдар, бағытты пәндер бойынша оқушылардың сапалы көрсеткіштері», «Оқушылардың мамандық таңдаудағы маңызды аспектілері» тақырыптарында сөз алды. Ата-аналарға ерекшеліктер туралы кең ауқымда түсінік берді.
А.Аскарова сөзін аяқтағаннан кейін сөз кезегін директордың оқу істері бойынша орынбасары Р.Махпирова 9-11 сыныптарындағы Мемлекеттік емтихандарды тапсыру ережелерімен таныстырып өтті.
Мектеп-гимназия психологы З.Касымова «Күйзелісті қалай жеңуге болады? Өзіңізді және балаңызды болашақ емтихандарға қалай дайындау керек?», «Өз уақытыңды қалай басқаруға болады, уақытты басқару», «Жоғары сынып оқушыларына емтихандарға дайындық кезінде психологиялық қолдау» тақырыптарында кеңес берді.
Жиналыс барысында ата-аналар барлық сұрақтарына Ш.Н. Умаров тарапынан жауап алды. Жиналыс өте нәтижелі өтті.
13 марта 2021 года в школе-гимназии №153 имени А.Розыбакиева по платформе ZOOM проведено родительское собрание. На собрании принимали участие родители 9-11 -х классов.
Вступительным словом выступил директор школы - гимназии Умаров Шавкат Ниязович.
Заместитель директора по профильное обучение Аскарова А.Н. выступила с докладом: «Профильное обучение и качественные показатели обучающихся по профильным предметам». В своем докладе А.Н.Аскарова отметила, об актуальности профильного обучения.
Педагог-психолог Касымова З.Ж предложила презентацию на тему: «Как управлять своим временем, тайм - менеджмент», где были рассмотрены необходимые вопросы управления своим временем и об эффективности тайм-менеджмента.
Затем выступила заместитель директора по учебной работе Махпирова Р.Т. Она ознакомила присутсвующих с предстоящими экзаменами. После ее выступления психолог Касымова З.Ж ответила на вопросы «Как противостоять стрессам».
В завершении собрания Умаров Ш.Н. ответил на поставленные вопросы и поблагодарил родителей за участие на собрании.
13-март күни А.Розибақиев намидики №153-мәктәп –гимназиядә ЗУМ платформиси арқилиқ 9-11-синип оқуғучилириниң ата-анилири билән Директорлуқ шәнбә- ата-анилар авази» намлиқ мусапидә умумий жиғин болуп өтти. Жиғин жәриянида балилар билән яш өсмүрләрни тәрбийиләш, һоқуқ бузушниң алдини елиш, шундақла «мәктәп-ата-ана» мунасивәтлириниң өзара тәсир қилишиға бағлиқ педагогикилиқ-психологиялик мәсилиләрдә ата-аниларға ярдәм көрситилди. Жиғинға 100 ата-ана қатнашти.
Жиғинни гимназия мудири Ш.Н.Өмәров ечип , жиғинниң мәхсити вә күн тәртиви билән тонуштуруп чиқти.
«Саһалиқ билим бериштики алаһидиликләр» мавзусида гимназияниң саһалиқ билим бериш ишлири бойичә мудирниң орунбасари А.Аскарова, «Дөләтлик емтиһан тапшуруш қаидилири» билән гимназияниң оқуш ишлири бойичә мудирниң орунбасари Махпирова Р.Т, «Как противостоять стрессам» мавзусида гимназия психологи Касымова З.-лар доклад оқуди.
Жиғинниң беришида ата-аниларға наһайити әһмийәтлик вә пайдилиқ әхбаратлар берилди. Ата-анилар өзлирини қизиқтуруп жүргән соаллирини қоюп, жавап елип, муһим вә пайдилиқ әхбаратларни елишқа муйәссәр.