Мектеп-гимназиямызда 48 қара көздеріміз «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып», мектеппен қоштасып, болашаққа сәтті қадам басқалы жатыр. » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » Мектеп-гимназиямызда 48 қара көздеріміз «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып», мектеппен қоштасып, болашаққа сәтті қадам басқалы жатыр.
14
июнь
2021

Мектеп-гимназиямызда 48 қара көздеріміз «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып», мектеппен қоштасып, болашаққа сәтті қадам басқалы жатыр.

Зулаған уақыт өтіп, көзді жұмып ашқанша оқу жылы аяқталып, барлық мектеп түлектері өздерінің мемлекеттік сынақтарынан сүрінбей өтіп, үлкен өмірге жол жүру алдында тұр. Короновирус пандемиясына байланысты еліміздегі төтенше жағдайда қашықтықтан оқу оңайға түспеген болса да, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылардың ізденімпаздығы нәтижесінде балалар емтихандарын сәтті аяқтады. 11 жыл бойы алған білімін нәтижелеп, есеп беріп, енді алтын ұядан «өмір» атты ұлы тауды бетке мемлекеттік аттестаттарын қолдарына алып, арман биіктеріне, жоғарғы оқу орындарының есіктерін ашуға қанат қағып, ұшу алдында тұр.          

            Бүгінгі күнде А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияда бұл оқу жылында 48 қара көздеріміз «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып», мектеппен қоштасып, болашаққа сәтті қадам басқалы жатыр. Мемлекеттік аттестаттарын тапсырып алу үшін ұйымдастырылу іс-шаралары пандемияға байланысты шектеулі түрде болса да, мерекелік көтеріңкі көңіл-күйде өткізілді. Гимназияның «Бахар» би ансамблі өздерінің мың бұралған билерімен, әншілер болса қоңыр дауыстарымен мерекені қыздыра түсті. Гимназия директоры Ш.Н.Умаров шәкірттеріне қиын кезеңдерде білім алу құштарлығынан алыстамай, ізденіп, тырысып оқыған оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, алдағы жоғарғы оқу орындарындағы және өмірдегі ауыр сынақтардан сүрінбей өтулеріне тілектестігін білдірді. Өз кезегінде мектепті үздік бағаларға аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанған шәкіртіміз Нурахметов Нәділге ерекше құттықтау айтылды. Нәділ – ұйғыр тілі бойынша аудандық, қалалық және аймақтық олимпиада жүлдегері, «Тұран» университеті тарапынан өткізілген Халықаралық конференцияның қатысушысы, мектебіміздің белсендісі, мемлекетіміздегі талантты жас актерлерінің бірі, келешек арманы инженер- программист болу. 

            Өз шәкірттеріне ақ жол тілеген сынып жетекшілеріне және ұстаздарына оқушылар да жақсы тілектерін айтып, ана тілінде білім алғандары үшін мақтаныштарын айтып өтті. Ата-аналар да мектеп әкімшілігін және ұстаз қауымын бүгінгі мерекелерімен құттықтап, балаларға ақ жол тіледі. Мереке соңында үлгілі оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ағартушы А.Розыбақиевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою дәстүрін жалғастырып, «Гимназия гимнін» айтып, үлкен өмірге бастаған «Ақ жол» арқылы ыстық ұя – ана мектеппен қоштасты. 

Торжественная линейка, посвящённая вручению аттестатов

Вот и наступил долгожданный день – день прощания со школой. Немного грустный и в то же время радостный для выпускников день. В парадной школьной форме собрались взволнованные выпускники в праздничном школьном дворе. 

Вручение в ШГ №153 проходило в 2 смены. Каждая линейка была торжественно-волнующей. Открыла линейку ярким весёлым танцем танцевальная группа «Бахар». С поздравлением и напутственными словами выступил директор школы Ш.Н. Умаров и вручил аттестаты всем  48 окончившим школу выпускникам. На линейке звучали песни и стихи о школе, учителях и родителях. С поздравительным словом выступили классные руководители и родители. Особое чувство у присутствующих вызвал вальс выпускников на песню «Савакдаш» («Одноклассники»). И конечно, по традиции нашей школы было возложение цветов к Стеле погибшим в ВОВ и бюсту А.Розыбакиева.

В добрый путь, дорогие выпускники! Успехов вам и светлого будущего!

  Мана, һәш-пәш дегичә жилму түгәп, мәкьәп учумкарлири өзлириниң дөләтлик синақлиридин аман-есән өтүп, чоң һаятқа йол меңиш алдида туриду. Пандемиягә бағлиқ мусапидин оқуш оңайға чүшмигән болсиму, устазлар, ата-анилар вә оқуғучиларниң тиришчанлиғи нәтижисидә балилар емтиһанларни утуқлуқ тапшуруп олтириду.11 жил давамида алған билимини нәтижиләп, һесават берип, әнди чоң һаятқа йол ечиш алдида турған учумкарлиримиз бу күнләрдә дөләтлик шаһадәтнамилирини қолиға елип, алий оқуш орунлириниң ишигини ечишқа меңиватиду. 

Мана А.Розибақиев намидики №153-мәктәп-гимназиядә бу жили 48 нәпәр қара көзимиз мәктәпни тамамлап, мустәқил һаятқа учум болуватиду. Дөләтлик шаһадәтнамилирини тапшуруп елиш үчүн уюштурулған чариләр пандемиягә бағлиқ чәкләнгән рәвиштә болсиму, тәнтәнилик вә жуқури роһта уюштурулған. Гимназиямиздики «Бахар» усул ансамбли өзиниң әвришим уссуллири билән, нахшичилар болса зил авази билән тәнтәнини жанландуруп бәрди. Гимназия мудири Ш.Н.Өмәров шагиртлириға мурәккәп вәзийәттиму билим елиш тәшналиғидин чәтнимәй, издинип, тиришип оқуған оқуғучиларға миннәтдарлиқ билдүрүп, алдидики алий оқуш орунлиридики вә һаяттики еғир синақлардин сүрүнмәй өтүшигә тиләкдашлиқ билдүрди.  Өз новитидә мәктәпни әла баһаларға тамамлап,   «Алтын белгі» саһиби атиливатқан шанһгиртимиз Нурахметов Надильға алаһидә тәбрик ейтилди. Надиль – уйғур  тили бойичә наһийәлик, шәһәрлик вә регионлуқ  олимпиада ғалиби, «Туран» университети тәрипидин өткүзүлгән Хәлиқаралиқ конференцияләрниң иштрақчиси, мәктивимизниң паалийәтчиси, дөлитимиздики талантлиқ яш актер, келәчәк армини  инженер- программист  болуштур. Өз шагиртлириға ақ йол тилигән синип рәһбәрлиригә вә устазлириға өз новитидә оқуғучиларму яхши тиләклирини ейтип, ана тилида билим алғини билән пәхирлинидиғинини қәйт қилишти.  Ата-аниларму мәктәп мәмурийити вә устазларни бүгүнки мәйрими билән тәбрикләп, балиларға ақ йол тилиди. Мәрасим ахирида үлгилик оқуғучилар Улуқ Вәтән уруши ветеранлири вә мәрипәтчи А.Розибақиевниң һәйкилигә гүл қоюш әнъәнисини давамлаштуруп, «Гимназия гимнини» ейтиш билән чоң һаятқа башлиған «Ақ йол» арқилиқ ана мәктәп билән хошлашти.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: