Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі
01
март
2021

Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі

Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі
       Биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Егеменділігіміздің төртінші онжылдыққа қадам басу қарсаңында, атаулы жылға дайындық аясында оқушыларымыз мұражайға саяхат жасап қайтты.
      Сталиндік режим орнаған жылдары, өздеріңіз білетіндей, жеке тұлғалар ғана емес, тұтас бір ұлт  түгелдей жер аударылды. Қазақстан жеріне жіберілген халықты  вагондап ауылдарға тастап кете барды. Сол бір қиын кезеңдерде қазақ отбасылары  өздері мұқтаждық көріп отырса да, оларды саман үйлеріне қабылдап, тапқанын тең бөліп жеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, яғни 1 наурыз, осы адамдарды қабылдап, өз қамқорлықтарына бөлеген қазақ халқына  және  осында өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің  бір-біріне алғыс айту күні деп белгіленген. Алғыс айту күні біз, ұйғырлар түсінігінде  –  ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған мемлекетіміздің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.            
           Бүгінгі, алғыс айту күнінде  А.Розыбақиев атындағы №153  мектеп-гимназия оқушылары мен ұстаздары   Алматы облысының Талғар ауданындағы Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайға саяхат жасады. Қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың ең ауыр қайғысы атанған сталиндік кезеңде талай абзал азаматтарымыздың басы оққа байланды. Қуғын-сүргін құрбандарына зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Бұл оқиғаларда 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шегіп, 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілген болатын. Оның көбісі Алматының абақтысына қамалған болып, өлім жазасына кесілген бұл азаматтардың Жаңалық ауылы маңында жерленгені кейіннен анықталған. Осыған байланысты, осы өңірде   аштық пен «қызыл террордан» зардап шеккен ұрпақтың қасіретін бейнелейтін мұражай  2017 жылы ашылған екен.
       Мұражай қызметкерлерінен балалар құғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар туралы құнды да қызықты мәліметтер алды. Мұражаймен танысып шыққаннан  кейін оқушылар Рыскүл Сағатқызының ұйымдастыруымен Жаңалық орта білім беру мектебінің ұстаз және оқушыларымен мәжіліс залында кездесті. Кездесу мақсаттарының бірі оқушыларды саяси қуғын-сүргін құрбаны  А. Розыбақиевтың қызметімен таныстыру болды. Көрнекті қоғам қайраткерінің қызметімен мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі, тарих ғылымдарының кандидаты Аида Аскарова таныстырды. Семинар-сабақтан кейін 153- мектеп-гимназиясы оқушылар кеңесінің президенті Нурахметов Надиль халықтар депортациясы тарихына үңіле отырып, депортацияланған халықтарды аман алып қалған батыл және мейірімді  қазақ халқына Ұйғыр диаспорасы және оқушылар атынан алғыс білдірді. Сөз кезегін алған оқушылар кеңесінің Мәдениет министрі Нурузова Бүвихабибәм бүгінгі ұйғыр этносының тынысына тоқтала отырып Қазақ еліне, қазақ халқына, Елбасымыз Нұрсултан Назарбаевқа, Қазақстан Республикасы президенті Қасымжомарт Тоқаевқа оқушылар атынан алғыс білдірді.
    Осы орайда  А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп- гимназиясы білім беру үдерісінің  қатысушылары да тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым білдіріп, алғысын айтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: