Түлектер Аллеясындағы сенбілік
Көктемнің қайнаған кезі, сондықтан көктемгі жұмыстар бітпейді. Оқу жылдарын еске алып, осыдан бірнеше жыл бұрын мектебіміздің түлектері мектеп ауласына қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды отырғызуды игі дәстүрге айналдырды. Ал биыл «Түлектер аллеясы» жаңа көшеттермен толықты. Табиғатты сақтау мәселесі әрқашан өзекті болып қала береді, сондықтан әрбір адам өз үйін, мектебін, көшесін, қаласын абаттандыруға жеке үлес қосу үшін кем дегенде бір ағаш отырғызу керек. Ағаш отырғызу – қоғамдық