«Алматыдағы заманауи білім беру күндері»
20 мамыр күні гимназиямыздың 9 сынып оқушылары «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» кәсіби бағдар беру фестиваліне қатысты. Бұл – мамандық таңдау кезінде көптеген сұрақтар мазалайтын мектеп оқушылары үшін ерекше іс-шара болды. Фестиваль алаңында білім беру мекемелерінің өкілдері оқушыларға, іс-шара қонақтарына оқытудың өзекті бағдарламалары туралы айтып берді. Кейін қонақтар көрмелер, түрлі бағыттар бойынша шеберлік сабақтары, тұсаукесерлер, көше қойылымдары мен флешмобтарды тамашалады.