12
май
2025
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»
2025 жылғы 8 мамыр күні
А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының ауласында Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты ауқымды іс-шара өткізілді.
Айрықша көңіл күйде өткен бұл шараға толқи қатысқан оқушылар, мұғалімдер, қонақтар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы өкілдері белсенділік танытып, бейбіт өмір мен тыныштық үшін жанын қиған қаһармандардың рухына құрмет білдіруден бастады. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен ашылды.
Бағдарлама барысында соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалып, сахналық көріністер қойылды. Қазақ халқының қаһармандары — Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев және басқа да тұлғалардың ұлттық тарихтағы рөлі ерекше атап өтілді.
Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының I және II шақырылымдарының бұрынғы депутаты Батталов Марс Арупұлы қатысты. Қонақтар мен ардагерлердің ұрпақтары Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алу стелласына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.
Мереке «День Победы» әнімен қорытындыланып, шара қонақтары мектеп асханасында арнайы ұйымдастырылған дастарханға шақырылды. Бұл күн – жас ұрпақ үшін ата-баба ерлігін дәріптеудің әрі отансүйгіштік тәрбиенің маңызды көрінісі екені сөзсіз.
«Никто не забыт, ничто не забыто» — содержательное мероприятие, посвящённое 80-летию Великой Победы
8 мая 2025 года во дворе школы-гимназии №153 имени А. Розыбакиева состоялось масштабное мероприятие «Никто не забыт, ничто не забыто», приуроченное к 80-летию Победы и ко Дню защитника Отечества. В особой торжественной атмосфере взволнованные ученики, учителя, приглашённые гости и представители Национальной гвардии Республики Казахстан проявили активное участие и начали церемонию с минуты молчания, выражая уважение к памяти героев, отдавших жизни за мир и спокойствие. Открытие мероприятия сопровождалось исполнением Государственного гимна Республики Казахстан. В рамках программы были прочитаны стихи о войне, исполнены патриотические песни и показаны театрализованные постановки. Особое внимание было уделено роли героев казахского народа — Мәншүк Маметовой, Әлии Молдағұловой, Бауыржана Момышулы, Рақымжана Қошқарбаева и других выдающихся личностей в истории страны.
В мероприятии принял участие депутат Сената Парламента Республики Казахстан I и II созывов Батталов Марс Арупович . Гости и потомки ветеранов почтили память погибших, возложив цветы к памятной стеле жертвам Великой Отечественной войны и соблюдая минуту молчания. Завершилось торжество песней «День Победы», после чего гости мероприятия были приглашены на праздничный дастархан, организованный в школьной столовой. Этот день стал ярким примером патриотического воспитания молодого поколения и пропаганды героизма предков.
«Һечким вә һечнәрсә унтулмайду» — Улуқ Ғалибийәтниң 80 жиллиғиға даир өткүзүлгән маһийәтлик мәрасим
2025-жили 8-май күни
А. Розибақиев намидики №153-мәктәп-гимназияниң һойлисида Ғалибийәтниң 80 жиллиғиға вә Вәтән һимайичилири күнигә беғишланған «Һечким вә һечнәрсә унтулмайду» намлиқ чоң иш-чарә болуп өтти.
Алаһидә кәйпияттики муһитта һаяжанланған оқуғучилар, муәллимләр, меһманлар вә Қазақстан Җумһурийитиниң Миллий гвардияси вәкиллири қизғин паалийәтчанлиқ тонутуп, мәрасимни течлиқ вә хатирҗәм һаят үчүн җан пида қилған қәһриманларниң роһиға һөрмәт билдүрүштин башлиди. Мәрасим патриотлуқ роһниң әнъәниси болған Қазақстан Җумһурийитиниң Гимнини орунлаш билән ечилди.
Иш-чарә даирисидә уруш мавзусидики шеирлар, патриотлиқ нахшилар, сәһнә көрүнүшлири намайиш қилинди. Қазақ хәлқиниң қәһриманлири — Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағулова, Бауыржан Момушулы, Рақымжан Қошқарбаев вә башқиларниң миллий тарихтики роли тилға елинди.
Мәзкүр иш-чаригә Қазақстан Җумһурийити Парламенти Сенатиниң I вә II чақирилимлириниң депутати Батталов Марс Арупович иштирак қилди. Меһманлар билән бирликтә ветеранларниң әвлатлири, қаза тапқан ветеранлар һөрмитигә Улуқ Вәтән уруши қурванлири хатирә стеллисиға гүл қоюп минутлиқ сүкүнат сақланди.
Мәрасим "День Победы" нахшиси билән аяқлишип, иш-чарә меһманлири мәктәп ашханисида мәхсус уюштурулған дәстиханға тәклип қилинди. Бу күн — яш әвлат үчүн әждатлар жасаритини тәрғибат қилишниң вә вәтәнпәрвәрлик тәрбийиниң муһим бир көрүнүши болғанлиғи талашсиз.
“No One is Forgotten, Nothing is Forgotten” — A Meaningful Event Dedicated to the 80th Anniversary of the Great Victory
On May 8, 2025, a large-scale event titled “No One is Forgotten, Nothing is Forgotten” was held in the courtyard of the A. Rozybakiev School-Gymnasium 153, dedicated to the 80th anniversary of Victory Day and Defender of the Fatherland Day.
In an atmosphere filled with solemnity and pride, students, teachers, guests, and representatives of the National Guard of the Republic of Kazakhstan actively took part in the ceremony, which began with a tribute to the memory of the heroes who sacrificed their lives for peace and tranquility. The event officially opened with the performance of the National Anthem of the Republic of Kazakhstan.
The program featured poems about war, patriotic songs, and theatrical performances. The heroic contributions of national figures such as Manshuk Mametova, Aliya Moldagulova, Bauyrzhan Momyshuly, Rakhymzhan Koshkarbayev, and others were highlighted and honored.
The event was attended by Mars Arupovich Battalov, former deputy of the I and II convocations of the Senate of the Parliament of the Republic of Kazakhstan. Guests and descendants of war veterans laid flowers at the memorial stele dedicated to the victims of the Great Patriotic War and observed a minute of silence.
The ceremony concluded with the iconic song “Victory Day”, after which guests were invited to a commemorative meal prepared in the school cafeteria. This day served as a vivid example of patriotic education for the younger generation and a reminder of the valor of their ancestors.








