17
март
2025
“Халықаралық білім беру бағдарламаларын интеграциялау: жергіліктіден жаһандыққа”
Халықаралық білім беру бағдарламаларын интеграциялау: жаңа көкжиектерге жол
Алматы қаласындағы А. Розыбақиев атындағы 153 мектеп-гимназиясында Әуезов ауданы мектеп директорларының басын қосқан тағылымды семинар өтті. “Халықаралық білім беру бағдарламаларын интеграциялау: жергіліктіден жаһандыққа” тақырыбында өрбіген бұл алқалы жиын – білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге арналған маңызды қадам.
Семинар шымылдығы оқушылардың жүрек тебірентер «Қазақстан» әнімен түрілді. Елге, жерге деген сүйіспеншілікті паш еткен осы ерекше сәт жиынға қатысушыларға ерекше рух беріп, білім жолындағы жаңа асуларды бағындыруға жігерлендірді.
Кездесудің негізгі арқауы – халықаралық білім беру бағдарламаларын отандық оқу жүйесіне енгізу және тиімді бейімдеу. Мектеп-гимназия директоры Умаров Шавкет Ниязұлы өз сөзінде халықаралық стандарттардың ұлттық білім беру жүйесімен үйлесімділігі жайында ой өрбітті. Ал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аскарова Аида Нариманқызы бұл бағдарламаларды сәтті жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, олардың оқушылардың жан-жақты дамуына тигізер игі ықпалын атап өтті.
Цифрландыру дәуірінде білім беру технологиясыз мүмкін емес. «Сандық мектеп» пилоттық жобасының жетекшісі Смолинова Альбина Тахирқызы осы бағытта тың ойларын ортаға салып, заманауи технологиялардың халықаралық бағдарламаларды іске асырудағы маңызын саралады. Сонымен қатар, PYP және MYP бағдарламаларының координаторлары Кулиева Рано Руслановна мен Аблитипова Гульназ Кутлукановна халықаралық тәжірибені зерделеу арқылы сапалы білім беруге қол жеткізудің жолдарын талқылады.
Білім тек теориямен шектелмеуі тиіс, ол ғылыммен, зерттеумен астасқанда ғана өз жемісін береді. Осы қағиданы ұстанған мектебіміздің дарынды оқушылары Шукур Муслима, Казакбаева Надира, Обулкасимова Нармина және Пахирдинова Ясмина өз ғылыми жобаларын ұсынып, оларды тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін көрсетті. Жас зерттеушілердің тың ойлары мен жаңашыл көзқарастары қатысушыларды тәнті етті.
Семинар соңында сергіту сәті ұйымдастырылып, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Пікір алмасу алаңында өзекті мәселелер талқыланып, болашақтағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды.
Бұл басқосу – ұлттық білім беру жүйесін жаңа белеске көтеруге бағытталған маңызды бастама. Жергілікті мен жаһандықтың үйлесімі, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысуы – сапалы білімнің негізі. Осындай игі шаралар болашақта өз нәтижесін беріп, саналы, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосары анық.
Интеграция международных образовательных программ: путь к новым горизонтам
В алматинской школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева состоялся познавательный семинар, объединивший директоров школ Ауэзовского района. Темой встречи стало «Интеграция международных образовательных программ: от локального к глобальному» – важный шаг в развитии системы образования на новый уровень. Семинар открылся проникновенным исполнением песни «Қазақстан» учениками школы. Этот трогательный момент, отражающий любовь к родине, вдохновил участников на новые свершения в сфере образования. Основной фокус встречи – внедрение и эффективная адаптация международных образовательных программ в отечественную систему обучения. Директор школы-гимназии Шавкет Ниязович Умаров рассказал о совместимости международных стандартов с национальной системой образования. Заместитель директора по учебной работе Аида Наримановна Аскарова поделилась опытом успешной реализации этих программ и их влиянием на всестороннее развитие учащихся. В эпоху цифровизации образование невозможно представить без технологий. Руководитель пилотного проекта «Цифровая школа» Альбина Тахировна Смолинова представила новые идеи по использованию современных технологий для внедрения международных программ. Координаторы программ PYP и MYP Рано Руслановна Кулиева и Гульназ Кутлукановна Аблитипова обсудили пути достижения качественного образования через изучение международного опыта. Образование не должно ограничиваться лишь теорией – оно приносит плоды, когда связано с наукой и исследованиями. Исходя из этого принципа, талантливые ученики школы – Муслима Шукур, Надиpа Казакбаева, Нармина Обулкасымова и Ясмина Пахирдинова – представили свои научные проекты, продемонстрировав методы их практического применения. Их свежие идеи и новаторский взгляд вызвали восхищение участников. В завершение семинара была организована интерактивная сессия, где участники смогли задать интересующие вопросы. Обсуждались актуальные проблемы и перспективы дальнейшего сотрудничества. Эта встреча стала важной инициативой, направленной на развитие национальной системы образования. Сочетание локального и глобального, традиций и инноваций – залог качественного обучения. Подобные мероприятия непременно принесут свои плоды, внося вклад в воспитание образованных, всесторонне развитых и конкурентоспособных поколений.
Integration of International Educational Programs: A Path to New Horizons
A meaningful seminar bringing together school principals from the Auezov district was held at the A. Rozybakiev Gymnasium No. 153 in Almaty. The event, themed “Integration of International Educational Programs: From Local to Global,” marked an important step in elevating the education system to a new level.
The seminar opened with a heartfelt performance of the song “Kazakhstan” by the students. This emotional moment, expressing love for the homeland, inspired participants and motivated them to reach new heights in education.
The main focus of the meeting was the introduction and effective adaptation of international educational programs within the national education system. The school principal, Shavkat Niyazovich Umarov, discussed the compatibility of international standards with Kazakhstan’s educational framework. Meanwhile, the deputy principal for academic affairs, Aida Narimanovna Askarova, shared valuable insights on successfully implementing these programs and their positive impact on students’ holistic development.
In the era of digitalization, education is inseparable from technology. The head of the “Digital School” pilot project, Albina Takhirkyzy Smolinova, presented innovative ideas on leveraging modern technology for the effective implementation of international programs. Additionally, Rano Ruslanovna Kuliyeva and Gulnaz Kutlukhanovna Ablitipova, coordinators of the PYP and MYP programs, discussed strategies for achieving high-quality education through the study of global best practices.
Education should not be limited to theory—it flourishes when combined with research and scientific inquiry. Keeping this principle in mind, the school’s talented students—Muslima Shukur, Nadira Kazakbayeva, Narmina Obulkasymova, and Yasmina Pakhirdinova—presented their scientific projects, demonstrating practical methods for bringing their ideas to life. Their fresh perspectives and innovative approaches captivated the audience.
The seminar concluded with an interactive Q&A session, where participants exchanged ideas and addressed pressing issues. Key discussions also outlined future areas of collaboration.
This gathering served as a vital initiative in advancing the national education system. The fusion of local and global approaches, tradition and innovation, lays the foundation for quality education. Such initiatives will undoubtedly yield positive results, contributing to the development of knowledgeable, well-rounded, and competitive future generations.
