31
январь
2025
Қаңтар айы – Заң және тәртіп айы Апта дәйексөзі: Әділдік жолы – адал жол.
Қаңтар айы – Заң және тәртіп айы
Апта дәйексөзі:
Әділдік жолы – адал жол.
А. Розыбақиев атындағы 153 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында қаңтар айының жоспарына сәйкес бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылуда. Осы аптада өткізілген сынып сағатының тақырыбы – “Заң мен тәртіп құндылығы”.
4 “Г” сыныбы
Сынып жетекшісі – Ушурова С.А.
Сынып сағатының басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрметін ояту және әділдік пен тәртіптің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру.
Сабақ барысында оқушылар заңның рөлі мен құқықтық тәртіп туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Әр оқушы заңның әділдік пен теңдікті қамтамасыз етудегі орнын талқылап, өмірден нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ тәртіптің адамның күнделікті өміріндегі рөлі, оның тұлғаның дамуына ықпалы ерекше назарға алынды.
Birtutas Tarbie

