Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
28
январь
2025

Қазақ тілі апталығындағы ерекше шара: " Қозы Көрпеш - Баян сұлу" премьерасы

Қазақ тілі апталығындағы ерекше шара: "ҚозыКөрпеш - Баян сұлу" премьерасы
    Қазақ тілі апталығы аясында Қуддус Ғожамьяроватындағы музыкалық драма театрына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға қазақтың бай әдеби мұрасын насихаттау, ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылықтыарттыру, сондай-ақ ұлы мұрамыздың бір бөлігі болыпсаналатын "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" трагедиясыныңрухани мәнін түсіндіру болды.9-сынып оқушылары мен қазақ тілі пәні мұғалімдері Мурадуллаева А.Н және Имашева Ф.Я театр сахнасында қойылған бұл әйгілітрагедияның премьерасына куә болды. Туындының негізгіидеясы – шынайы махаббат пен адалдықтың мәңгілікқұндылық екендігін дәріптеу. Бұл шара оқушылардың қазақәдебиеті сабағында алған теориялық білімін театр өнеріменұштастыруға мүмкіндік берді.Театрдағы спектакль оқушыларды ерекше әсерге бөледі. Оқиғаның драмалықжелісі, актерлердің шеберлігі және музыкалық сүйемелдеуқойылымды жан-жақты ашып көрсетті. Актерлердіңэмоцияларға толы ойыны мен сахнадағы нағыз шынайылықоқушыларды бей-жай қалдырмады. Олар спектакль аяқталғаннан кейін театрдың рухани күші мен өнердіңтәрбиелік маңызы туралы өз пікірлерімен бөлісті.
     Қорыта келгенде, бұл шара оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттырып, олардыұлттық мұра мен рухани құндылықтарға жақындатты. Мұндай бастамалар мектеп қабырғасындаұйымдастырылып жатқан білім беру іс-шараларыныңмаңызды бөлігі болып қала беретіні сөзсіз.
Особое мероприятие в рамках недели казахского языка: премьера «Козы Корпеш – Баян Сулу»
В рамках недели казахского языка была организована экскурсия в музыкально-драматический театр имени Куддуса Гожамьярова. Основной целью мероприятия было популяризировать богатое литературное наследие казахского народа, повысить интерес учащихся к национальной культуре и искусству, а также объяснить духовное значение трагедии «Козы Корпеш – Баян Сулу», которая является частью великого наследия.
Ученики 9-х классов вместе с учителями казахского языка Мурадуллаевой А.Н. и Имашевой Ф.Я. стали свидетелями премьеры этой знаменитой трагедии на сцене театра. Главная идея произведения – это утверждение вечных ценностей искренней любви и преданности. Данное мероприятие позволило учащимся связать теоретические знания, полученные на уроках казахской литературы, с театральным искусством.
Спектакль в театре произвел на школьников особое впечатление. Драматическая сюжетная линия, мастерство актеров и музыкальное сопровождение раскрыли постановку во всей полноте. Эмоциональная игра актеров и реалистичность происходящего на сцене никого не оставили равнодушным. После спектакля ученики поделились своими впечатлениями о духовной силе театра и воспитательном значении искусства.
В заключение можно отметить, что это мероприятие увеличило интерес учащихся к казахскому языку и литературе, приблизило их к национальному наследию и духовным ценностям. Подобные инициативы, несомненно, останутся важной частью образовательных мероприятий в школах.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: